Туған күніңмен, Мейіргүл!!!

Туған күніңмен, Мейіргүл!!!
жеке
блог

             ...   ...        ..       ..     ..   ...

...

Оралдан кімдер өтпеді,

Оралда кімдер болмаған,

Мұнда Пушкин, Толстой,

Сұлу Сәкен де тоқтаған,

Мейіргүл де  де басты бұл жерді,

Ол  да  жүрді көшеңмен,

Жайығы жайлап ағатын,

Туған  елі, туып-өскен жері ол...

..

 Кеше Оралдық ару-қыз — Мейіргүл төл мерекесін, яғни туған күнің  тойлап өтті. (Кешірерсін, Мейіргүл кешіктіріп жарияланған жазба үшін) ..

..

Мейіргүл, жүзіңнең  шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай  бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!

Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!

Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

..


...Денсаулығың  мықты болып, еңбек жолында биіктерден көріне бер! Достарың көп, уайымың  жоқ болсын. Өмірің  қызық -қуанышқа толы, мәнді болуына тілектеспін! 

...  Ойлаған мақсатыңа жет. Еңбекте табысты, достарыңа сыйлы, ата анаңа қамқоршы бол! Қанатың талмасын, биікке самғап ұша бер! Көздеген мақсатыңа, аңсаған арманына жет! 

..Әр жылың осылай той болып, шаттықпен өте берсін! Саған  бақыттың базарын, қуаныштың ажарын, достардың адалын, денсаулықтың мықтысын тілей отырып, болашақта тек жақсылық болсын дегім келеді!

..

Кіршіксіз таза махаббат тілей отырып,  мына өленді арнаймын:

Байқамайды екенбіз,

Бақыт деген екеуміз.

Аяқ та екеу,

Қол да екеу,

Көз жанарың ол да екеу.

Екеу қас та, құлақ та,

Жүрек жалғыз бірақ та.

Сондықтан да сол жүрек

Елегізіп, елжіреп,

Естісем деп лебізін

Аңсайды екен егізін.

 Мына өмірде сен  де өз сыңарыңды, егізіңді табуына тілектестеспін!  ...Махаббатта жолың болсын, бақытты бол!

...Өмірде «әттеген- ай» деген күндеріңен, «шіркін- ай»  деген сәттерің  көп болсын!