*********

*********
жеке
блог

Аға.
Мен Сені жақсы көремін...
Бойыма жылу таратқандығың үшін.
Жүрекке үміт дарытқандығың үшін.
Қобалжу, мұң, жабығулардан,
"Айналайыныңмен" арылтқандығың үшін.

Аға.
Мен Сені жақсы көремін.
Сабырлы, адал мінезің үшін.
Кіршіксіз, таза мейрімің үшін.
"Алтынға" теңеп қарындасыңды
Кішіге бас игенің үшін.

Аға.
Мен Сені жақсы көремін.
Мұңайсам бірге қиналғандығың үшін.
Әр сөзіме де иланғандығың үшін.
Алысқа кетсең өз туғаныңдай,
Іштей болса да қимағандығың үшін.
Бәрінен бұрын бас ием Саған,
"Қарындасым" деп сыйлағандығың үшін!