Кедей екенмін...

Көмейіме жыр толып,жанарымнан қуаныштың белгісі байқалса жүрегіме жақын тартатын жанды іздеп,қуанышымды да,қайғымды да  бөлісетінмін.Ол мені ұққан сыңай танытып,арқамнан қағып қоятын.Кешегі уілдеп соққан жел,борап жауған қар,бәріне қуаныш сыйлаған күн,еркелеп аққан Есіл менің оған деген достық сезімімнің шексіздігіне,шынайылығына куә болған-ды.Тіпті,Массагет,сен де куә болғансың.Көктемде  ол туралы саған да сыр айтып,сенің көмегің арқылы оны қуантқан едім.Ал,бүгін...Бүгін жүрегіме қанжар сұғылған жандай  жаралы болып отырмын.Бүгін саған тағы бір сырымды айтып,көмегіңе  жүгінгелі отырмын.Егер мен өз АНТымнан аттасам,сен мені кеш...

            Балалық арманым бағыма орай мені сатпады.Осы ойдың жетегінде жүргенде сезім атты үлкен бақыттан мақрұм болыппын.Ашығын айтсам, «дос», «достық махаббат» деген ұғымдардың парқына бара алмайды екенмін.Айналамда менімен бірге жүргендерді дос санап, «аузын ашса  жүректері көрінеді» деп,біреуден біреуді бөліп жармай,бес саусақты бірдей деп біліппін.Сөйтсем...шын мәнісінде, досым жоқ екен ғой...Күн өткен сайын өзімнің жалғыз екенімді,мыңдаған жандардың ішінен,жарайды мың емес,он адам дейінші,сол он шақты адамның ішінен бір де біреуі досың емес екенін сезіну...тіпті айтарға сөзім жоқ,Массагет.Маған күлсе,жылы қабақ танытса бәрін «дос» деп білген мен де ақымақ екенмін-ау.Мына түріммен ертең өлсем, артымнан жоқтайтын жандар да табылмайтын шығар.Жыласа,бәлкім,менен айырылғандарына емес,құтылғандарынан көздеріне  жас алатын болар.Тіпті,ойлағым да келмейді.Осыдан кейін кіммен дос боларымды, дос дегеннің не екенін білмей,дел сал болып отырмын.Жан-жағыма қарасам,қол ұстасып жүрген  жарасымды жұптарды,бақытты достарды,іңгәлаған сәбиін жетектеген ана мен мойнына баласын отырғызған әкелерді көремін...,қызығамын...

Менің қазір нендей күйде отырғанымды біреу түсінсе,біреу түсінбес.Біреу қате жазыпты деп келеке етер,біреу  «достық» жайлы ой түйер.Айтпағым,егер досыңыз болса,ешқашан оның достық сезіміне күмәнданушы болмаңыз, «осы шынымен менің жан досым ба екен,сынап көрейінші»  деген арам ойдан да аулық болыңыз,хабарсыз кетсе жағдайын үнемі біліп отырыңыз,сіз хабарласқанда суық сөйлессе елемегендей болып,оны түсінуге тырысыңыз,қолдан келген көмегіңізді аямаңыз,шын досыңыз деп оны бағалаңыз.Менде дәл осылай істегенмін,дәл осылай істедім.Білмеймін неге екенін,бірақ, мен кедей екенмін... Сен ше,Масссагет?Сен үшін дос деген не?Сенің достарың көп пе?



Бөлісу: