Жүректе бар бір махаббат... Меніңше

Жүректе бар бір махаббат... Меніңше
жеке
блог

Апам біреуді ұнатып қалған сияқты ма?! Жә, жарар. Қалжың. Әңгімемді, ойбу, жазбаны өткен бейсенбі мен жұманың қызығынан бастасам деп ем,бірақ ол тым бөлек әңгіме. Өткен сенбі менің жақын достарымның бірі Асхат бауырымның тойы болды. Үйлену тойы. Келіншегін олар "махаббааат" болып жүрген кезінен білемін. Бірге бәріміз қанша рет кеш батырып,таң атырғанбыз. Нұрсұлу- Ақтаудың қызы. Өте ерке әрі сыпайы қыз. Бастысы-өнерлі. /енді мен бас иетін қасиет қой бұл адам бойындағы,әрі үнемі іздеп тұратын/ Екеуі әдемі жұп. Керемет жандар,қарасаң көзің тоймайды екеуіне.

 


Сондай әдемі кештің,дүбірлі тойдың қызметінде жүрдім. Ояна сала дайындыққа кірісіп күндіз 2-ден басталған қыдыру түнгі 3-4-ке созылды. Нағыз жастардың тойы болды десем артық емес. Түрлі билер мен эстрада әншілері. Жастардың дайындаған флешмобы мен поппури биі. Бәрі керемет болды. Әншілерді шақырып,тойдың "редакторы" болам деп жүріп басты сыйлығым-оларға арналған әнім де естен қалды... Бірақ мен тағы да өз есемді жібермедім. Кейде таң қалам неге сонша пысық болып кеттім екен сол сәт. Жастардың сүйікті "ырымына" айналған "гүл лақтыру" рәсімі басталмас бұрын өзімше аяқ киімімді мәдениетті түрде ауыстырып келгенмін... толассыз биден аяқ талды дегендей... Содан гүл ұшты, неге сонша ұмтылғанымды қайдам жай емес секіріп тұрып алыппын гүлді. Қысқасы гүл менің қолымда Laughing Бірақ бұл 4-ші гүлім екенін ескеріп,"ырымнан да ұялу керек" деген оймен гүл шоғындағы барлық гүлді бір-бірден тойдағы бойдақ қыздар мен жігіттерге таратып бердім. Қолы жетпей қалған қыздар да риза, бастысы Laughing


Той аяқталып,жастар өзімізше қыдырамыз деп шықтық. Ол жақта да бір сөзбен "оторвались по полной". 

 

Бұл менің құрбым-Меруерт. Өзім оған айтатын бір сөзім бар. Оны "жұбату сөзі" деп атаймын. Бір жаққа шығарда қыз атаулының бір-ақ проблемасы бар ғой "не киемін?" деген. Сондайда Миканы "қоя берші,қара да тұр бәрібір сол жердегі ең әдемісі Біз боламыз" деп айтамын. Соным рас болған секілді. хехех какая я скромная :) Шындығында,бұлай Нұрымбеттің үш қызы айтады үйде бір-біріне :)

"жених мырза" ғой


Мен тақырыбы басқа,өзі басқа бірдеңе қылдым ғой. Әдемі фотоларды салғым келді негізі. Бірақ осы аптаның ішінде жанымнан жиі табылып жүрген бір жанға ерекше ықыласпен қарайтын өзімді сездім. Мүмкін бұл енді ғана солай ,мүмкін алдыннан бірақ өзім сезбей... Білмеймін. Мына тойда көздерім тек басқа дүниеге, анығырақ телефондағы суретке қарай берді. Сол отырған жаққа асыға берді, түсініксіз... Бірақ жанармен түйіскенде бәрі құлпырып кетті. Ең бастысы, ол жанына алып келіп ашық маңдайдан, сәндене жатқан шаштан қайта-қайта сен қалағандай иіскеп сүйгенде одан да керемет күйге енесің. Кинодағы емес ертегідегі махаббаттай. Қолыңнан ұстап жібермей отырғаны, алақаныңды, саусағыңның әрбірін еркелете сипағаны, өзгелердің көзінше сені құшағына алып марқая "мақтауы" керемет еді. Қыздарды айтқанда менің ашуланарымды білердей көзбен тіл алысып үлгереді,қимыңдап,қырындап, ол сөздеріне еркеле ашуланып өзін ұратынымды біліп лезде қаша түсетіні тіпті күлкілі сәт. Бірақ сүйікті сәт. Мен ұнататын. Екеуміз бір-бірімізді үнемі көзбен түсініп,көзбен тілдесеміз. Кеше ғана емес оған дейін де. Әзіліміз тағы бар ешкім ұқпайтын бізден бөлек... Қысқасы,ол адам маған қатты ұнайды. Дұрыс па жоқ па білмеймін. Бірақ қатты ұнайды және ол үшін үнемі алаңдаймын. Алаңдау да сезім болар бәлкім...Тойды босқа айтқан жоқпын,"апаң той хочет" надо уже срочненько :)

 

Айтқандай, ава " не в тему" деп жүрмеңіздер. Ол жерде "просто" ерекше құлпырып тұр жан дүнием!!! Ұнайды өзіме жай ғана)))