«ҚАЙСАР», ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ҚОШ КЕЛДІҢ!

«ҚАЙСАР», ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ҚОШ КЕЛДІҢ!
жеке
блог

        Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы келер жылы ел біріншілігінде бақ сынауға толықтай мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта бірінші лигада ойын көрсетіп жүрген Қызылордалықтардың ойын мәнері, деңгейі біраз өзгерген де секілді. Алдыңғы жылы клубтың жағдайы қаражат мәселесіне келіп тірелген болатын. Ақыр соңы премьер-лигамен бір жылдай қош айтысуға әкеліп соқтырды.  

        Биылғы бірінші лиганың аяқталуына да үш тур қалды, ал "Қайсарлықтар" премьер-лига мәселесін толықтай шешіп тастады. 13 қазанда "Оқжетпеспен" болған кездесуде жеңіске жетіп, екінші орында келе жатқан "Каспий" клубынан 9 ұпайға ұзап кетті. Қалған үш турда «Каспий» «Қайсарды» қуып жеткен жағдайдың өзінде, Қызылордалықтар жеке кездесулердің көрсеткіші бойынша көшбасшылық орнын сақтап қалмақ.