ТОП — 10. ШЫЛЫМ ШЕГЕТІН ФУТБОЛШЫЛАР

Назарларыңызға шылым шегіп ұсталған футболшылардың үздік ондығын ұсынамыз.  Әлем басылымдарының басты кейіпкер етіп алғандарының түгелі дерлік әлі де шылыммен әуестенеді. 

1.Сократес (Бразилия).Бразилиялық «Ботофого», «Коринтианс», «Фламенго»  және италияндық «Фиорентина» сынды командаларда доп тепкен белгілі бразилиялық ойыншы Сократес күніне екі қорап шылымды тартып бітіреді екен.

2.Джанлука Виалли (Италия).Италияндық белгілі футболшы өз елінің «Сампдория», «Ювентус» жәнеде көпшіліктің есінде қалғаны ағылшындық «Челсидің» ойыншы әрі бапкері болғандығы. Виалли, Италия сапында жүріп Әлем чемпионаты болып жатқан мезетте қосалық құрамда отырып шылым шеккен.

3.Йохан Кройф (Голландия).«Аякстың» аңыз, «Барселонаның» сапында жұлдызды ойыншы болған, Әлем чемпионаты мен Еуропаны ұлттық құрама деңгейінде бағындыра алмаған ойыншы  белгілі голландиялық Йохан Кройф күніне 20 шылым шеккен.

4. Роберт Просинечки (Хорватия).Мәңгілік айқас ұйымдастырып келе жатқан «Реал» мен «Барселона» футбол клубтарының қатарында ойнаған бірден-бір футболшы Роберт Просинечки еді. Просинечки күніне 40 шылымды оңай тартқан.

5. Фабьен Бартез (Франция).Франциялық қақпашының қоржынында жүлденің барлығы бар.  Әлем чемпионаты, Еуропа чемпиондары, Чемпиондар лигасының Кубогы енді көп. Өз қақпасына голды аз жіберетін танымал қақпашылардың бірі.«Фабьеннің шылым шегетінін білемін. Бартез өзі ойлап жүрген шығар білмейді деп, онда ол қатты қателеседі, мен бәрін білемін» — деген «Манчестер Юнайтедтің» аңыз бапкері Сэр Алекс Фергюсон мырза.

6. Зинедин Зидан (Франция).Танымал жартылай қорғаушы 2006 жылғы Әлем чемпионатында Португалия құрамасымен болатын жартылай финалдық кездесудің алдында шылым тартқан.

7. Освальдо Ардилес (Аргентина).«Тоттенхэм» және «ПСЖ» сынды танымал клубтарда ойын көрсеткен аргентиналық жартылайқорғаушы күніне 40 шылым тартқан

8. Димитр Бербатов (Болгария).«Байер», «Тотенхэм» клубтарының қатарында жүргенде көзге түсіп, «Манчестер Юнайтед» сапында өзін көрсете білген, қазірде «Фулхэм» футбол командасының ойыншысы Димитр Бербатов өзі жайлы: « Мен суретте сері жігіт болып көрінемін, солай, ал шылым шексем өзімді одан биік санаймын».

9. Уэйн Руни (Англия).Танымал ағалшындық футболшыны жұрт темекі шегіп, ішімдік ішкенін 2010 жылы, тамыз айында байқаған, көрген.

10. Марио Балотелли (Италия).Қара маржан ойыншыны жақында ғана  айыптады. Қоғамдық орында шылым шеккені үшін Балотелли айыппұл өтеген болатын. Осыған дейін де шылым шеккенін білетін едік.



Бөлісу: