Америка президенттерінің тоғысқан тағдырлары

Америка президенттерінің тоғысқан тағдырлары

Американың алып держава, дамыған ел, жаһанданған ұлт болып қалыптасыуына сайланған әрбір 44 президентінің сіңірген еңбегі мен сіңген тері мол. Алайда бірде салиқаланып, кейде сайқалданып қалатын саясаттың сойылын соғып жүрген президенттердің өмірі біз білмес тереңнен тартатын сырға толы екен.

1)  Американың ерекше президенттері

Америка тарихында  президенттікке сайлауда ең көп дауыс жинаған Джордж Вашингтон болды. АҚШ-тың тұңғыш  президенті халықтың 100 % даусын иемденіпті. Осылайша1789 жылы Америкадағы алғашқы президент сайлауында Джордж Вашингтон қарсыластарын шаң қаптырып,  АҚШ-тың 1-президенті болды.

 

Танымал аюға түрткі болған Рузвельт.
 Аңшылыққа жаны құмар Америка президенті  Рузвельт  аң аулауға шыққанда аюдың қонжығын кездестіреді. Қонжықты атуға қолы бармаған президент оны жібере салады. Президенттің жан тебірентерлік бұл ісі туралы бүкіл халық хабардар болады.Американдық кондитердің әйелі Теодор Рузвельттің құрметіне ойыншық қонжық тігіп,  Тедди деп атаған. Осылайша күллі әлемге атағы жайылған Тедди аюының танымал болуына АҚШ президенті себепкер болған.

 

АҚШ-тың 29-президенті Уоррон Гардинг құмар ойындарға әуес болған деседі. Ол тіпті бірде карта ойнап, Ақ Үйден де ұтылып қала жаздапты.Оның құмар ойынға бойалдырғаны соншалық, кемінде аптасына екі рет карта ойнауға отырыпты. Оның кеңесшілерін халық «Покерлі кабинет» деп атапты. Себебі президент кеңесшілермен карта ойнайтын көрінеді. Президент Гардинг  Ақ үйдің меншігіндегі Қытай сервисінен ұтылып қалыпты. Осыдан кейін президент құмар ойынды қойыпты-мыс.

 

Американың 44 президенті өзінше ерекше. Тіпті, шар емес,мжерді тегіс деп есептеген президент те болыпты. Ол - Эндрю Джонсон. Ол тіпті хат та танымаған. Президент Джонсон жас кезінде ашушаң дуэлянт болыпты.  Онымен дуэльде болған бірталай жас жігіт қыршын кетіпті. Дегенмен ол кісі жақсы қасиеттерден де кенде болмаған. Президенттікке сайланбай тұрып, ағаштан түйін түйген шебер, жақсы тігінші болған. Сондықтан тарих беттерінде өз киімін өзі тігетін жалғыз президент болып қала бермек.

                        2) Уильям Гаррисонды қарғыс «қапқан ба?»

АҚШ-тың тоғызыншы  президенті  Уильям Гаррисон сенатор қызметін атқарып жүрген кезінде Американың көне халқы үндіс тайпаларын опатқа ұшыратқан. Жергілікті тайпаның көсемі Шауни Текумеш пен оның ағасы Тескватава бейбіт халықтан  әскер жасақтап, Гаррисонға тойтарыс береді. Соның салдарынан қан төгіліп, көптеген адамдар қаза табады. Қулыққа салған Гаррисон тайпа көсемі жоқ кезді пайдаланып, үндістердің шаңырағын қиратып, халқын сабап, Тескватаваны өлтіріп кетеді. Американың болашақ президенті ежелгі үндістердің жойылуына себепкер болды. Тайпа көсемі Шауни Текумеш Гаррисон мен АҚШ билік басшыларына  былай деп хат жазады: «Гаррисон бүгін жеңді, кейін де жеңіске жетуі мүмкін. Бірақ оның салтанаты ұзаққа созылмайды. Ол билікке келеді, билікте тұрып өледі. Мұны мен айтып тұрмын. Гаррисон өмірден өткенде Америка жұрты менің тайпамның, менің ағамның өлімін еске алады. Әр жиырма жыл сайын бұл оқиға қайталанып тұрады». Үндіс тайпасының осы айтқан сөзі шындыққа жанасатындай, соңы нөлмен аяқталатын жылдары билікке келген президенттер тура жиырма жыл өткен соң ажал құшады. 1840 жылы АҚШ президенті болып таққа отырған Гаррисонның салтанаты бір айға ғана созылды. 68 жасында президент болған ол Америка тарихында ең кәрі президент болып есте қалған. 4-наурыз күні Гаррисонның ант қабылдау рәсімінде ауа- райы күрт бұзылады. Америка президенттерінің ішінде екі сағаттық ең ұзақ ұлықтау сөзін сөйлеген де Гаррисон болатын. Сол күннен кейін ол қатты сырқаттанып қалады. Оның еміне дәрігерлер апиын, кастор майы, жылан уын да қолданып көрген. Алайда ауруының беті бері қарамай, керісінше ушығып кеткен еді. Президент ақыл-естен айырылып, сандырақтайтын күйге жетті. Оның ең соңғы айтқан сөзі: «Сэр, басқарудың шынайы қағидасын түсінуіңізді сұраймын. Мен олардың жүзеге асуын қалаймын және одан басқа ештеңе өтінбеймін» болды. 1841 жылы 4-сәуірде 12:30-да Америка президенті Гаррисон көз жұмады. Бұл өлімді Америка халқы үндістердің көсемі Шауни Текумештің қарғысы деп жорамалдады.

 

3) Гаррисонның кебін кигендер болды ма?

 

1860 жылы сайланған Америка президенті Линкольнді де бес жылдан соң Форд театрында  басынан атып өлтірген. 1880 жылы билікке қолы жеткен Джеймс Гарфилд бір жылдан соң оққа ұшты. Уильям Мак-Кинли 1900 жылы қайта сайланып, бір жылдан соң қаза табады.1920 жылы билікке келген Уоррен Гардинг үш жылдан соң уланып өледі. 1940 жылы үшінші рет президент болып сайланған Франклин Рузвельт бес жылдан соң ауруынан көз жұмды. 1960 жылы президенттікке сайланған Джон Кеннеди қылмыскерлердің қолынан қаза табады. 1980 жылы сайланған Американың 40-президенті Рональд Рейганның жүрегіне атылған оқ бір сантиметр жетпей қалып, аман қалған. 2000 жылы сайлауда жеңіп шыққан Джордж Уокер Буштың басы дін аман.

                          4) Ал сіз бұған сенесіз бе?

АҚШ президенттері туралы тағы бір мынандай қызықты деректер бар. Американың 15-президенті Авраам Линкольн мен 35-президенті Джон Кеннедидің өмірлерінде адам таң қаларлық сәйкестіктер болған.  Линкольн 1860 жылы билікке келсе, Кеннеди 1960 жылы президент болып сайланады.  Екі президенттің де көздегені – ақ және қара нәсілділердің таразысын теңестіру болатын. Бір қызығы екеуі де басына тиген оқтан жұма күні көз жұмған. Американың 15-президентін өлтірген қылмыскер 1839 жылы дүниеге келсе, ал 35-президентке қастандық жасаған қылмыскер 1939 жылы туылыпты. Қылмыскердің екеуі де сот болатын күні түсініксіз жайттармен қаза болған. Ең қызығы Линколннің хатшысының фамилиясы Кеннеди, ал президент Кеннедидің Линкольн есімді хатшы қызы болған.

Мақала интернет беттерінен дайындалған.



Бөлісу: