"Ұстамдылық " деген ұлы сөз бар...

     Өмір-бұл Алла тағаланың адамға берген баға жетпес сыйы.Кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ, қымбат қазына.Сол өмірдің әр минутына,әр секундына шүкіршілік ете біліп,қуанышқа да, қайғыға да, тоқтыққа да, жоқтыққа да төтеп беріп,сан түрлі сынақтан сүрінбеу сабырлылықты қажет етеді.Жалғыз Жаратушымыз Алла тағала сабырлы жандарды жақсы көреді,ал бір Алланың ризашылығын алу-тірек еткен тілегіміз.Тайға таңба басқандай тамаша өмір талайларға тілек,турасын айтқанда алашта армандамайтын адам жоқ шығар...Құлағанда да,сұрағанда да,жылағанда да тыныштық тербететін төзім деген теңдесі жоқ тылсым күш бар. Бір оқиғаға ой жүгіртсек,  бір әйел  саусағын  жарақаттап  алғанда ауырсынбай сабыр ете отырып,Аллаға мақтау айтады.Адамдар оған: «Қалайша саусағыңды кескенің үшін Аллаға мадақ айтасың, Ол сенің саусағыңның кесілуін қалады ғой»,-дегенде, әйел: «Сол (ауыртпашылық) үшін берілетін сауаптың тәттілігі,оған деген сабыр етуімнің ащылығын ұмыттырды»,-деген екен.Бұл өз алдына өзек әңгіме.Өзгешесін өрбітсек тағы.Алла тағала адам мен шайтанды өзіме құлшылық ету үшін жараттым деген.Адам бойындағы асыл қасиеттерге сызат түсіретін арсыздық деген ана  кезден ұғым бар.Күлкі,тамақ,ұйқы. Осы үш арсызға алданып,шайтанның арбауына салынып кететініміз бар біздің.Ұлы елдің ұрпағына тән бе бұл іс?»Ұстамдылық» деген ұлы сөз бар.Әр кезде,әр сәтте, әр нәрсенің өзіндік орны бар.Демек ,ұстамды бола білсек,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде ұлағатты іс болар еді.



Бөлісу: