Армандауға болмайтын армандар

     Біздің үйде Ұлы Отан соғысы жайындағы кітаптар өте көп болатын. Сондықтан бала кезімнен Қасым Қайсеновке еліктеп өстім. Бауыржан Момышұлы секілді қойдың етін, сары майды жемей қойған кездерімде көп болған. Мектепте оқып жүргенде «Кім боламын?» деген шығарма жаздырушы еді ғой. Бесінші сыныпта сол шығармаға «Партизан боламын» деп жазып барған едім. Апайымыз біраз мақтады да:

-         Партизан болу үшін не істеу керек? –деді. Мен:

-         Ақылды, мықты, айлакер болу керек, - деп жауап бердім.

-         Жоқ, дұрыс емес. Партизан болу үшін соғысқа бару керек. Соғысқа бару үшін соғыс басталу керек. Сондықтан сенің бұл арманың жарамайды, - деді.

 

     Бірде көшеде әпкесімен сіңлісі кетіп бара жатады. Әпкесі қиялданып:

-         Эх, шіркін! Қазір ішінде ақша толған әмиан тауып алсақ қой, - дейді. Ал сіңлісі оған бұрылып:

-         Біз ақша тауып алу үшін, біреу әмиан жоғалту керек. Бәлкім ол адамға ақша бізге қарағанда қаттырақ керек шығар, - дейді.



Бөлісу: