Ауылдың ИТІ жақсы ©Мама

Ауылдың ИТІ жақсы ©Мама
жеке
блог

 

Бүгінгі қоғамда үйлене салып, көп уақыт өтпей ажырасу сәнге айналғандай болып барады. Өзімше соның себебін іздеп көрдім. Әрбір адам отау құру үшін өзінің «идеалын» іздейді. Ол көбіне өмірінде бұры-соңды көрмеген адам болып табылады. «Алғашында көрінер бәрі жақсы» деген сөздің төркініне бойламайды. «Сендей керемет жан жоқ» деп қосылып алады да, «өзгеріп кеттің» деп оп-оңай ажыраса салады. Балаларының болашағы, бақыты үшін өз өмірін құрбан ету жайын ойына да алмайды. Жанында жүрген адамның уақыт өткен сайын таңсық қырлары ашыла береді. Адамды толық тану үшін екі-үш жыл да жеткіліксіз. Сол себепті ойланып қадам жасап, бала кезінен араласып өскен адаммен шаңырақ көтерген дұрыс секілді. Өзі төзе алатындай кемшіл тұстарын біліп қосылса, бар өмірін бірге өткізе алады. Мен осылай ойлаймын !

12.07.13. 02:37