Кесене құдіреті

Кесене құдіреті
жеке
блог

           Кесене құдіреті

Көне шаһар, көркем қала Гүлістан

Арай таңы қылаң беріп шығыстан

Атқан кезде оянады батырдай,

Тарихымен тірі қалған Түркістан!

 

Сайын дала, айналасы теп- тегіс

Ер халқы бар елі үшін еткен іс

Мұнда өмір қайнап жатқан тайқазан,

Көшесінде кей кездері кептеліс.

 

Дәл осындай Астанасы түріктің

Сүйеді оны аспандағы күліп күн

Айтып өттім ой санама түскенін,

Бірақ, білсең ең бастысын ұмыттым.

 

Түркістанды Тұран етіп тұрғандай

Бір дүлей күш көктен алып жұлғандай

Жарты әлемді бағындырған  хан Темір,

Қағанатын нақ сол жердеден құрғандай,

Кесене бар құдіретті!

 

Ол кесене Ақсақ Темір айбыны

Табындырған, тамсандырған талайды

Қан жұтқызып жүрседағы өзгеге,

Хан Темірің ұмытпапты қайғыны.

 

Жүрегіне иман нұры ұялап

Қаталдықтан түсті сәл- пәл қиялап

Ойға алған кесенесін салғызды,

Өзге де жоқ бояуменен сиялап.

 

Даңқын солай мәңгілікке қалдырды

Иассауиге арнап, кесене әсем салдырды

Талай қырғын болып өтті маңында,

Көрді талай қаннан аққан жаңбырды.

 

Тіпті айтады аңыз әлде өтірік

Қатал ғасыр кетті білем өшіріп

Талай жанның басын кесіп Темірлан,

Кесенеге қанды жаққан көшіріп.

Солай десет сұмдық ойлар есірік.

 

Кесенеден көрінеді атырап

Ұзақ оттым соның бәрін бақылап

Түркістанда Иассауи деп таң атса,

Құл Қожа Ахмет, кесене деп батырат.

 

Міне осылай баяндадам шындықты

Сөзімді менің кім түсінді, кім ұқты?

Көк жәшіктен сайрап жатыр журналист,

Әнеу күні естіртіп бір сұмдықты.

Күмбезі көк, жауһарымдай асылдан

Аманат қып алып қалған ғасырдан

Жөндемесек сау тамтығы қалмайды,

Айналады үгіндіге шашылған.

 

Жылдар өтті, ғасыр өтті нешеме

Салынған тарих көз алдымда өше ме

Ақсақ Темір кешпейді -ау күмбез салдырған,

Кешсе екен деймін жаратқан Алла және құдіретті кесене!

 

 

                                                                   Тойлыбай Қымбат 2013 жыл.