Жарысқан жаңалықтар

 

  Android сыр сақтамайды    Майкл Хоровитцаның айтуы бойынша, Android  бағдарламасын  жүктегендердің Wi-Fi құпия сөздері Google  жүйесіне мәлім. Бұл  туралы Computerworld порталы  хабарлайды. Алайда, осыған  қарамастан Android  бағдарламасы енгізілген смартфондар  нарықта жақсы өтіп  жатыр. Бүгінде олардың саны 748  миллионға жетті.  Ескеріңіз, бұл – тек планшеттерді  қоспағандағы көрсеткіш.  Айтарымыз, егер сіз Android  бағдарламасының иесі  болсаңыз, онда абай болыңыз! Сіз құпия  деп санап жүрген «құпия сөзіңіз» Google жүйесі үшін құпия емес.

 

65 тілге аударатын қалта сөздігі

  Ectaco компаниясы қалта аударма сөздігін ойлап тапты. Ол дыбыс арқылы 65 тілге аударатын ең алғашқы туынды деп хабарлайды компания қызметкерлері. Ectaco Partner LUX2 атын алған аталмыш сөздік, адамның әңгімесін жақсы қабылдайды. Өйткені, оңай аударады.

Туынды 180 градусқа бұрылып, Android бағдарламасы арқылы жұмыс жасайды. Құрылысына тоқталсақ, 5 дюймдік сенсорлы дисплей мен 800 х 480 пиксельдік камерадан және пернетақтайшадан құралған. Яғни, сіз аударып қана қоймай, сондай-ақ суретке де түсіре аласыз.

Аталған қасиеттерінен өзге мұнымен ойын ойнап, бейнежазба көріп, әуен тыңдап, ғаламторға кіріп, әлеуметтік желілерде де отыра аласыз. Өзіңізге ыңғайлы ету үшін қолдағы құрылғыны теледидарға немесе өзгедей техникаға жалғап, жұмыс жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

 

Адамдарды құтқаратын құрал

  АҚШ елінің қауіпсіздік жөніндегі министрлігі NASA ұйымымен біріге отырып, жаңа технология шығарды. Ол адамдарды қираған ғимараттардың арасынан оңай іздеп табады. Өйткені, адам жүрегінің қағысын сезеді. FINDER атын иемденген аталмыш құрылғы 25 қыркүйек күні Лортон қаласында көпшілікке таныстырылмақ.

FINDER 9 м тереңдікте жатқан адам мен 6 м бетон астында жатқан адамды таба алады. Келесі жылы америкалық құтқарушылар тобы FINDER-ді қолданысқа енгізбек.

 

Интернетсіз YouTube 

  Қараша айынан бастап YouTube-ке интернетсіз-ақ бейнеролик көре аласыз. Әрине, егер қолыңызда смартфоныңыз болса. Үйде отырып-ақ Wi-Fi арқылы бейнеролик көшіріп алып, жолда тамашалауыңызға мүмкіндік мол. Алайда, мынаны ескеріңіз, мұндай жолмен көшірілген бейнеролик ұялы телефонда ұзақ мерзімде сақтала алмайды.

 

Робот-дәрігер

 

Мэриленд Марк Симард университетінің профессоры мен оның ұжымы 4 жыл бойы жасаған еңбектерінің жемісін көрді. Олар адам басындағы ісікті кеміретін робот ойлап тапты. Робот-дәрігер кәдімгі нейрохирургтың қызметін атқарады. Оның бейнесі саусақ тәріздес. Алдыңғы бөлігінде орналасқан құрал ісікті жоюға арналса, құбырлар оның қалдығын кеміреді. Ойлап табылған роботты хирург маман басқарады. Опа кезінде робот қиын жерде орналасқан ісікті жедел тауып, оның көлемін де анықтай алады.

 

 

Ауруды сезетін компьютер

  Сандық технологияның тағы бір жетістігі – дертті сезетін компьютер. Стэнфорд университетінің зерттеуші ұжымы компьютерге арналған осындай бағдарлама ойлап тапты. Өтілген сынақтың 80 пайызын толық атқарған бұл жүйе адамдардың денсаулығындағы кілтипанды сезген.

Доктор Шон Мейкидің айтуы бойынша, бағдарлама арқылы ауырып тұрғанын айта алмайтын кішкентай сәбилер мен қарт кісілердің жағдайын білуге болады. Өйткені, кей адамдар ауруын өзгеден жасырады. Ал, жасалған бағдарлама арқылы сіз ауру жанға көмектесе аласыз.

 

Әлемдегі ең жіңішке пернетақта 

  CSR компаниясы әлемдегі ең жіңішке пернетақтаның бейнесін көрсетті. Оның қалыңдығы небәрі 0,49 мм құрайды. Сонысына қарамастан, пернетақта иілгіш және оның бетінде қолмен сурет салуға болады. Пернетақта компьютерге Bluetooth Smart қызметі арқылы жалғанады. Ал, компания қызметкерлері оны «суперүнемді» деп атайды. Өйткені, компьютерге құжат жіберу 12 миллисекундты ғана қажет етеді.

 

Gta V өз рекордын жаңартты

  Көпке танымал Gta компьютер ойынының бесінші нұсқасы шықты. Сатылымға енді енген Grand Theft Auto ойыны бірінші күннің өзінде 800 миллион қаржы жинап үлгерді. Осылайша алдыңғы нұсқаларының рекордын жаңартты.

Алғашқы сатылым күні адамдардың көп болғаны соншалық, дүкендер түнде де қызмет көрсетуден тынбады. Алдыңғы күндері ойынға Жапония мен Бразилия елдерінен тапсырыс түссе, атылмыш қаржының ұлғаяры анық. Өйткені, Ұлыбританияның өзінде  бір тәулік ішінде 1,57 миллион қаржы жиналған.

 

«Тәуелсіз ғаламтор»

  Бразилия елінің президенті Дилма Русеф АҚШ-нан бөлек «тәуелсіз ғаламтор» жүйесін ойлап табуды көздеп отыр деп хабарлайды MixedNews. Оның себебін, президент Америка тыңшыларының ақпарат ұрлауы деп көрсетеді. Алайда, мұндай шешім қабылдауға  Брикс кабелдік жүйесі әсер етіп отырған көрінеді. Владивосток жерінен басталатын жүйе келер уақытта Бразилиямен аяқталмақ. Бірақ, америкалық ғаламтордан бас тарту, Бразилия елін әлемдік интернеттен алшақ етері сөзсіз. Өйткені, аталмыш ғаламторға үкіметтің қатысы жоқ дейді, әлемдік сарапшылар.  

«Blackberry-дің» қаралы күні

  Канадалық Blackberry компаниясы сауда айналымынан біржола кетпек. Бұл жөнінде hi –news.ru мәлімдейді. Өйткені, екінші тоқсанда компания 1 миллиард қаржы көлемінде шығынға батқан. Естеріңізде болса, канадалық Blackberry ұялы телефон құрылғыларын шығарумен айналысқан болатын. Енді өндірушілер үшін қаралы күн туып отыр.


Бөлісу: