Сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың көбеюі – ұлттың өсіміне нұқсан келтіретін фактор.

Сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың көбеюі – ұлттың өсіміне нұқсан келтіретін фактор.
жеке
блог

Адамзат баласының өмірінің мәні де, сәні де – отбасын құрып, ұрпақ сүю. Бүгінде бала тууға қабілетті жастарымыз бас құрауға асығар емес. Көбіне жеке басының қамын күйттеп, «қызмет –

қолдың кірі» екенін ұмытқандай. Олай дейтініміз, жоғары білім алған жастар карьера жасауды басты мақсат етіп алған. Бойдақтардың қай-қайсысын сөзге тартсаңыз да, «Алдымен жағдайымды жасап алайын, сосын үйленемін», – дейді. Жағдайын жасап болғанша жасы қырыққа жеткенін білмей қалғандар да бар.

Ертеде ата-бабаларымыз «Он үште отау иесі» деп балаларын ерте үйлендіргенде, одан өрбіген ұрпақ та сау болады дейді ересектер. Әрі қыздарымыздың ерте тұрмыс құруы жеңіл жүріске түсіп кетудің алдын алады.

Елдегі сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың дені отыздан асқандар. Ал, бұрынғы уақытта осы орда бұзар жастағылар 3-4 баланың ата-анасы атанып үлгеретін болған.

Сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың көбеюі – үлкен трагедия. Бұл, әрине, ұлттың өсіміне нұқсан келтіретін фактор. Ал, мәселенің бір ұшы айналып келіп әлеуметтік жағдайға тіреледі. Азаматтарымыз бен аруларымызды тек қана мансап қуып, отбасын құруды ұмытып кетті деуден аулақпыз. Жұмыссыз, баспана­сыз жүргендері қаншама?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, алған жары мен балаларының мұқтаждығын өтей алмай, өзіне-өзі қол салып жатқандар да бар. Отбасын асырау оңай емес деп, жауапкершіліктен жалтару да қазақ азаматтарына тән қасиет емес. Өз уақытында оннан артық баланы өмірге әкеліп, оларды оқытып, үйлендіріп, тіпті, немере тәрбиесіне де атсалысып отырған ата-әжелер бар­шылық. Ертеректе өзінің балаларымен қоса, қайтыс болған туыстарының да 5-6 баласын қамқорлығына алған аталарымыз есте. Ал биологиялық тұрғыдан алып қарастырсақ,қыз бала 25 жасқа дейін бір бала дүниеге әкелу керек. Ал бізде30 жастан кейін ғана алғаш ана атанып жатқан жандар қаншама. 30 жастан кейін бала көтеру қиынға соғады, сонын салдарынан ана атануға құштар бойжеткендердің бедеулікке ұшырап жататыны өкінішті жағдай.

Жалпы, ислам діні де ертерек бас құрап, ұрпақ сүюге асығуды насихаттайды. Жалғыздық тек жаратушыға ғана жарасқан. Діни басқарма тарапынан да ер мен әйелдің жұптасуының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, ұлттың өсіміне де пайдасы тиген болар еді. Әрі зина­қорлықты қызық көріп, уақытын босқа өткізетіндер тыйылар еді.

Хадистің өзінде «жағдайға қарап үйленбей жүргендерге ауыр күнә жазылады» делінген. Яғни, жағдайға қарап емес, болашағын ойлап, артына ұрпақ қалдыру мақсатында үйлену керек. Бір қозы дүниеге келсе бір тал жусан артық шығады емес пе?

Осыған қарап-ақ шынында да жастарымыздың ертерек ойланып түтін түтететін уақытын босқа жіберіп алмағандары жөн. Ойға ала жүрейік, ойланайық жастар!