Қазақ-қырғыз дуэті...

Қазақ-қырғыз дуэті...
жеке
блог

        Жақында продюсерім Динара Адаммен бірге ағайынды бауырларымыз Қырғызстанда қонақ болып қайттық.   «Қырғыз, қазақ бір туған» демекші, «Новая волна 2013» байқауында жақын достасып кеткен бауырым Айбек Бақытбеков бізді құшақ жая қарсы алды. Қырғыз жерінің көрікті жерлерін аралап қана қоймай, мәдениетімен, өнерімен таныс болдық.

      Бішкек қаласында «КТРК» арнасының «Субботний вечер» бағдарламасында өнер көрсетіп, жергілікті «Тұмар fm» радиосының тікелей эфирінде сұқбат бердім. Жергілікті тұрғындардың ішінен өз тыңдармандарымды таптым. Енді, көрші елге жиі барып, өнердегі жаңалықтарыммен бөлісіп тұрамын.

        Жақында Айбекпен бірігіп, ән жаздырмақшымыз. Ән қазақ-қырғыз тілінде болмақ. Қазіргі таңда жақсы ән іздестіру үстіндеміз.

        Әзірге, Құрмаш Махановтың «Гүлістан Қазақстаным» әнін ұсынамын.