Күз-қызу жұмыс мезгілі))

Күз-қызу жұмыс мезгілі))
жеке
блог

Сәлем, қымбатты тыңдармандарым! Міне, араға уақыт салып, орталарыңызға оралып отырмын. Қазір шығармашылығым қызып жатыр. Жаңа әндер жазу үстіндеміз. Жиі-жиі түсірілім. Бұйыртса "Саз әлемінде" "Жылдың ең үздік әншісі" номинациясы бойынша бақ сынайтын боламын. Шығармашылық орта ізденісті талап етеді. Сондықтан үздіксіз ізденіспен, өз-өзіммен жұмыс жасауды жалғастырудамын. Ал жеке өміріме келер болсам, ұлым Муслим 1 жастан асты. Алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы сөздерін айта бастады. 

Массагет порталына үлкен рақмет айтқым келеді. Жылы, мәдениетті орта. Сіздермен үнемі байланыста болуға тырысамын!