Жүрегім бірге...

Жақындарыма айналған жарқын массагеттіктер, сіздермен бөлісер қуанышым бар. Ойлап қалмаңыздар, мынау бір бауқаудан жеңімпаз атаныпты деп. Байқауға түк қатысы жоқ. Бірақ өміріме үлкен қатысы бар қуаныш. Бүгін менің 1-ші сыныптан бірге өскен жан құрбымның дүние есігін ашқан күн. Мұндайды қалай ғана ішіме бүгіп қалам.

Ал енді құрбым жайлы кішкене мәлімет. Атына заты сай құрбымның есімі - Ақнұр. Оған өзім "Ақ қыз" деп ат қойып алғанмын. Ол да қалыспайды, маған "Гүл қыз" дейді. Осылай әзілдесеміз. Ақнұр болашақ - дәрігер. Бойында дәрігерге тән барлық қасиет бар. Өйткені, жүрегі жамандықтан ада, жаны таза, мейірімді. Айта берсем, көп енді.

Әңгіменің төрікініне оралсам, Ақнұрды бүгінгі туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Оған шаттықты күндер, жемісті жеңістер тілеймін. Әрине, осындай қуанышты күні жанынан табыла алмадым.Бірақ жанында болмасам да, жүрегім бірге. Әрдайым ол менің ойымда. Сол менің айтар әңгімем...



Бөлісу: