Месси жайлы бір СЫР!

Месси жайлы бір СЫР!
жеке
блог

Лионель Андрес Месси – әйгілі «Барселонаның» алтын допқа қол жеткізген футболшысы. Ол көптеген кубоктарға ие. Атап айтсақ,  «Барселона» құрамымен: Испания премьерасының 4 дүркін чемпионы(2004-05, 2005-06, 2008-09, 2010-11 жж.), 2 дүркін Испандық кубок иегері(2008-09,2009-10жж.), 3 дүркін Испандық суберкубок иегері(2006, 2009, 2010жж.), Чемпиондар лигасының 3 дүркін жеңімпазы, 2 дүркін Еуропалық суперкубок иегері(2009, 2011жж.). Ал осындай чемпион-Месси футбол жолын ең алғаш Аргентиналық «Грандола» клубында бастаған. Ол сол кезде небәрі 5 жаста болатын. Өзінің футболдық шеберлігін күннен-күнге жақсартып келе жатқан Мессидің ойыны көптеген футболдық скауттарға (ойыншылардың трансферімен айналысатын адамдар) сол кезден-ақ ұнайды. Бірақ оның өмірінде осы кездерде  өте қиын сәттер көп  болды. Оның басты себебі – Лео Мессидің гормональдық  аурулары. Негізінен,  Мессидің бойы 1м 40см-ге тоқтау керек болатын, ал осындай гормональдық ауруды емдеу үшін айына Мессиге  1000 доллар қажет еді. Амал нешік, жас таланттың отбасысында мұндай қаражат жоқ болды.  Алайда, әкесінің Каталониядағы туысқандарынан көмек сұрауы оның бүкіл өмірін өзгертуіне себеп болады. Өте талантты,бірақ гормональдық ауруға шалдыққан баланы «Барселона» клубы өз қарамағына алады. Клубтың  құрамындағы білікті,  тәжірибелі, жоғары дәрежелі дәрігерлердің арқасында Мессидің денсаулығы жақсара бастайды.  Осыған орай  дәрігерлер оның денсаулығына  арнайы футболмен шұғылдану бағдарламасын құрады. «Барселона» клубы дәрігерлерінің көмектерінен кейін Месси жаңа өмірге  жаңа қадам басқандай болды. Уақыт өте келе Еуропадағы әйгілі клуб – «Барселонаның» басшылары өздерінің мұндай қайырымды ісіне еш өкінбеді. Өйткені, олар өз көздерінің алдында Мессиді гормональдық аурудан құтқарып қана қоймай, одан әйгілі, шебер футболшы тәрбиелеп шығарды. Тіпті, он алты жастағы Лионель Месси туралы Испанияның жасөспірімдер құрамының бапкері Хинес Мендес былай деген: «Ол 16 жастың өзінде-ақ ерекше қасиеттерге ие болатын. Өзінің осы жастағы қарсыластарынан екі белес жоғары тұратын». Иә, сан-салалы қиындықтардан өткен Мессиді қазір екінің бірі таниды, оның ойынына сүйсінеді, таңғала қарайды, одан үлгі алады. Оған, қоса ол қазір мынадай брэндтердің басты жұлдызы: Pepsi, Adidas, Storkman, X-box, Master-card, Garbaino. Осындай жетістіктер Мессиге оңай келе салған жоқ, ол қиналды, ол төзді. Әлемге әйгілі футболшы болу оңай емес. Барлығының көзі – қайрат пен шыдамда.