Кітаптар

Кітаптар
жеке
блог

14.05.13. 
01:29
Кітап ләззатын Э-кітап сыйлай алмаса да шығарма мықты болса оқырманын бас алғызбай, тылсым күшімен тартып тұрады. М.Мағауин "Жармақ" романы. Иман Қадырбай деген кейіпкерінің шығармасы ретінде жазған. Бүгінгі фантастика жанрына сусап тұрған қазақ әдебиетіндегі өте жақсы туынды деп бағаладым өзімше.

 

 

3 маус 23:05

Серік Асылбекұлы
Рәбиғаның маххабаты
Уәтай сияқты махаббатқа адал адамдар азайып бара жатқаны өкінішті ! Өте жақсы туынды !
Сұлтанәлі Балғабаев
Тойдан қайтқан қазақтар
Э-кітап дегенді қолдамайтындар қатарынан едім өзімше. Бірақ басылмаған туындыларды да ұсынатын осы қоғамдастықтың шығармалары ерекше ұнайды. Драма жақсы, өмірдің шындығын ашып жазған. Осыны театр сахнасынан көргім келеді.
 
Қайрат Жолдыбайұлы
Имани гүл
Қазір ең көп оқылатын, біздің жатақханадағы әр студенттің кітап сөресінен табылатын, тамаша кітаптардың бірі.
04.06.13. 10:09
Оралхан Бөкей
"Махаббатсыз дүние бос" екенін Абай айтып кеткен. Дұрыс па, бұрыс па білмеймін, мен үшін махаббатсыз проза да бос, қызық емес сияқты көрінеді. Бұл шығарманың тақырыбы маған қызықсыз болғанына автор кінәлі емес. Басқа шығармаға ауыспай, осы әңгімесін оқып бітіруге мәжбүрлеп тұрған - жазушының көркем тілі. Оралхан ағамыз ешкім қолданбаған троптармеен орағытып жазады ғой. Шығыстың шабандоздарына риза боламын !
04.06.13.
12:40
«Мен қызарып кеттім. Сол жарасы бар болғырдың қай жерінде екенінде не шаруам бар еді деп, аузымнан ол сұрақтың қалай шығып кеткеніне өкіндім. Енді оған ойланбай сұрақ қоймаспын дедім ішімнен». Білгім келген нәрсені сұрасам ба, сұрамасам ба деп сұраулы сөйлемнің бірнеше нұсқасын жасап, қайсысын қоярымды білмей дегбірсізденетін тек мен ғана емес екен. Кейде бірнәрсе туралы білгім келеді, кейде білетін нәрсем туралы оның ойын білгім келіп сұрақ қойсам, ол өзінше түсінеді. Сұрағымның мәні өзгеріп жетті ме деп ойлаймын да, тағы өзім ыңғайсызданамын. Сондай азаматтарымыз «XXI ғасырдың Бауыржаны» болса жетеді дағы. 

05.06.13
14:51
Кешегі кітаптың ортасына да жете алмай отырмын әлі. Асықпай оқудамын. Болашақта кім болатынымыз белгісіз. Журналист бола қалсам керек әңгіме. Түртіп алайын. 
« - Сізден интервью алайын деп едім, - дейді. Бір мәселенің төңірегіне топтап, жүйелеп әкелген сұрақтары да жоқ. Сәл ойланған болып: «Сіздің мына мәселе жөнінде көзқарасыңыз қалай?» деп кекең ете қалады. Ал «көзқарас» деген философиялық ұғым. Сондықтан оған кеңірек жауап берейін десең, ол айтып отырғаныңның аяғын тындырмастан екінші бірдеңені сұрайды да тағы кекең ете қалады. Құйрығы шошаңдап бұтақан бұтаққа секірген сауысқан сияқты!»

07.06.13.
09:48
«Жауын – жаздың сілекейі», «Жауыннан қорыққан жауға жем болады» деп қажымай қайраттана беруі қажет». Дәл осы жерін оқып отырғанымда сытырлаған жаңбыр даусы естілді. Менде үнемі осындай сәйкестік. Дереу далаға жүгіріп шықтым. Жаңбыр – жанның рахаты. Менің махаббатым ғой. Малмандай су болсаң да бітпегенін қалайсың. Адамдар осындай сұлу құбылысқа тамсанудың орнына неге қорқады. Әне біреу жүгіріп барады, еркек басына жарасып тұрған жоқ. Ой, жарайды, өзі біледі-дағы. Оның да мен білмейтін себебі бар болар, бәлкім.

15:43
«Ақиқат пен аңыз» кіммен қалай сөйлесуді үйрететін кітап. 

08.06.13
19:35
«Ақиқат пен аңыз». Оқып бітірдім. Бұрын Бауыржанды танымай, осы кітапты оқымай келгеніме өкіндім. Әзілхан Нұршайықов мені Момышұлымен жақын таныстырды. Мен Бауыржанға ғашық болып қалдым !
08. 07.13.
23:36
И.Сапарбай «Сыған серенадасы». Тамаша туынды. Шәмші... ол да менің Мұқағалиімді іздепті. 
Шәмші... Сезіміне сенімді болса да, сыған қызының етегіне еріп кетпепті. Не деген тектілік! Бұлай етпегенінде «туған жерінен безген неме» деп елі өзін де, өнерін де өмірден өшірер ме еді, кім біледі?! Керметтей бір туар әндері бізге жетпес пе еді?!
09.07.13.
14:14
«Алыстағы ақ отау» Сәуле Досжанова.
Жақсы әңгіме. Мүмкін жазылған уақытындағы алғашқылардың бірі болар. Қазіргі көп жазылған тақырып. Аса айрықшалығы жоқ. Айдидар, Айсырға аталған кейіпкерлерінің есімдері өте әдемі екен.
09.07.13.
14:56
Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік».
Алматыдағы жағдайы сұмдық пәтерлер. Біз қазір өткен замандарда жазылған ашаршылық, соғыс секілді сұмдықтарды көзбен көрмеген соң сенер сенбесімізді білмей, таңдай қағып кітаптан ғана оқимыз ғой. Бұл сұмдық та уақыт өте келе жойылып, тек кітап бетінде аты қалатын әңгіме болып қалар, Алла қаласа !
10.07.13.
02:12
Қуаныш Тоқбаев «Ат дорба алтын». Өте тамаша жазылған. Жаңа заман өкілдері ішінен алғаш кездескен жаңа жанр. 
Оқиғаларды тоғыстыра отырып, кейіпкерлерін сөйлету арқылы кей шындықтарды ашып жазған. 
«Жұмағазының даусы. Біреудің елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген сөз есіме түскенде өзіммен қоса сонау Бейбарыс сұлтанды аяймын. Құдайым біз сияқты ешкімді елден бостырмасын. Қазіргі Қазақстанның қадірін білгілерің келсе мына жаққа тағдыр айдап келген жұдырықтай қыз Зейнептен сұраңдар. Егеменді елім – мынау қолымдағы жетпіс жыл бойы жанымнан тастамай келе жатқан Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы. Құдайға шүкір, қазақ оянды. Дүние жүзіне танымал қазақтарды естіп, біліп, «мақтан, қазақ» дедік. Тоталитарлық жүйеге, ядролық полигондарға қарсы шыққан қазақтарды біліп, «Аттан, қазақ» дедік. Тәуелсіздікті жариялаған күні «шаттан, қазақ» дедік. Енді «сақтан, қазақ» демекпін. Бақытың баянды болсын, Менің Қазақстаным !
11.07.13.
Айбек Қалмағанбетов «Кештетіп орындалған үкім»
Алынған әсер, оралған ой: «Алланың берген адамныңң өмірі бәзбіреулер үшін ОЙЫНШЫҚ қана. Өкінішті !