Армысыздар, Массагетте барлығыңызда аман-есен бармысыздар деп бастайын!!!!!!! Ия достар көп болды блог жазбағаныма, /мүмкін сағынғанда боларсыздар/ жұмыстан қолда тимей кетті, қазірде азғантай ғана уақытым бар, соны пайдаланып мен де құттықтауымды, ақ тілегімді білдірейін,
Бүгінгі блог жазуымның себебі де бар. Өйткені 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен қазақтың ақ жаулықты әжелерін, аяулы аналарын, сұлу қыздарын, ару бойжеткендерін шын жүректен құттықтаймын! Әйел деген отбасының ұйтқысы, сондықтан оларды аялап өтуіміз қажет. Әйел біріміздің әжеміз болса, біріміздің анамыз, біріңіздің жары болса, біріңіздің апа-сіңлі, қарындастарыныз. Сондықтан үнемі түсіністікпен қарап, көңілдерін түсірмей, көктемдей құлпырып, жаздай жайнап жүре берулеріне үлесімізді қосайық. Қазақ елінің барлық азаматшаларына мықты денсаулық тілеймін! Әрқашан осы өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып жүре берулеріне шын жүректен тілектеспін. Т/б: Гүлфайруз Берікқызы