8 наурыз – әйел өзгерсе, әлем өзгеретін күн!

8 наурыз – әйел өзгерсе, әлем өзгеретін күн!
жеке
блог

Қымбатты қыз-келіншектер қауымы! Сіздерді көктемнің ең тамаша мейрамымен "Aldaspan" тобы құттықтайды!

Өмірдің бар жақсысын тілейміз! 

Аяулы анамызды біз бұл күні екі есе жақсы көріп, оларға екі есе бас иеміз! "Ана әлдиі" атты шертпе күйіміз сіздерге деген ерекше махаббаттан туған... 

Бұл күн біз, жігіттер қауымы нәзік жандылардың өзімізге қаншалықты қымбат, қаншалықты керек екенін тағы бір мәрте түсінетін күн. Сіздер болмасаңыздар, мына әлем де болмас еді!

"Әйелдерді еркектерден көп дейді. 
Ойбай, 
Ойбай! 
Бола берсін көп,мейлі! 
Әйел деген әдемі ғой,әдемі, 
Әдемілік бізге көптік етпейді!" Біз нәзік жандылар туралы ақиық Мұқағалидан асырып айта алмаймыз. 

8 наурыз құтты болсын, ханшайымдар!!! 

Сурет: вк