8 қазаннан бастап, жаңа телетоптама "Кузей Гюней"!
блог
Кузей - бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады.
Бала кезінен үлкен ағасымен бақталасып өскен. Ата- анасының айтуымен, Гюнейдің жасаған қылмысын мойнына алып, біраз уақыт абақтыда отырып шығады.
Гюней - Кузейдің толық қарама-қарсысы. Інісіне қарағанда шыдамды, алдына қойған мақсаттарына үнемі жетеді. Жанұяда бірінші бала болғандықтан, ата-анасының махаббаттары оған ерекше. Болашаққа деген жоспары зор, сүйіктісі- Джемреге үйленгісі келеді.
Джемре - өте кеудемсоқ қыз. Анасымен бірге ағайындылар тұратын ауданға көшіп келді. Ол ағайындылардың екеуіне де ұнап қалады. Алайда, Джемре өзіне келешегінен үміті бар Гюнейді таңдады, ал оның жүрегі басқаны іздейді.
Екеуі де бір қызға ғашық болғандықтан, екеуін біріктіретін де сол-Джемре. Ешқайсысының да берілетін ойлары жоқ, қыздың бақыты үшін олар күресуге дайын және махаббат үшін талайға барады...