Еуропаның үздік ойыншысы - мұсылман болды

Мюнхендік Баварияның француздық ойыншысы Франк Рибери Еуропаның ең үздік аяқдопшысы атанды! Ақырғы дауыс беру Монако қаласында өткен болатын. Соңғы мәреге Рибермен испан футболының үздіктері Месси (Барселона) мен Роналду(Реал Мадрид) қатысқан болатын. Сондай – ақ үздік ондыққа Бавария клубынан тағы да  3 ойыншы кірген болатын. Олар : Томас Мюллер, Арьен Роббен, Бастиан Швайнштайгер. Сонымен қатар, «Псж» клубынан Златан Ибрагимович, «Тоттенхэм» клубынан Гарет Бэйл, дортмундық «Боруссиядан»Роберт Левандоски және  «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Робин ван Перси.

 

Еуропаның ең үздік ойыншысы атағы 2011 жылдан бері беріліп келеді. Оның алғашқы иегері Лионель Месси болған. Ал 2012 жылдың үздігі Андрес Иньеста атанған болатын.

  Десе де, 2013 жылдың басты жаналығы да – осы атақтың мұсылман Франк Рибериге берілуде! Бұл жеңіс тек қана Бавария клубының қуанышы емес, сонай – ақ барша мұсылман қауымының қуанышы! Біз Рибериді мақтан тұтамыз!

 



Бөлісу: