Суретті қайда салу керек?

Тесілген ерін мен жыртылған дене...

     Бодимодификациялық процедуралардан адам денесі ауырады. Бірақ  шыдауға болады. Көбіне денесінде пирсинг пен татуировкасы бар адамдар өздеріне қатысты қойылатын сұрақтардан гөрі, осы ауруға шыдап жүргенді жеңілірек көреді. Оларға үнемі тоғыз-ақ сұрақ қойылады екен.

-     Бұл ауырмайды ма?

-          Жоқ ауырмайды, тек кішкене ғана болмаса.

Ал шын мәнінде адам денесін инемен тескенде ол қандай сезімде болуы керек? Бұны айту қиын. Бұл ауырады немесе ауырмайтынын өз денеңді шегемен сырып көргенде білуге болады. Көбіне ол адамның өзіне байланысты. Құлағын тестіріп жатқанда талып қалған адамдар да бар. Ал Бельгияда бір қыз бетіне тату салдырып жатқан кезде қайтыс болды. Сондықтан да Бодимодификациялық процедураларға тек шыдамды адам ғана төзе алады.

 

-     Тез жазылады ма?

-          Үйге жетпей жазылып кетеді.

Шындығында  жел мен таза емес көшелерден жаңа  салдырған тату немесе пирсингпен жүру мүмкін емес.

 

-      Сенің жігітің (қызың) бұған қалай қарайды?

-           Оның өзінде де осындай тату бар.

Турасында олар былай ойлайды: бұл менің денем өзім білем, маған жігітімнің (қызымның), ата-анамның, аға-тәтелерімнің пікірі қажет емес. Ұнамаса қарама.

 

  -    Сенде тағы тату бар ма?

-           Әзірше жоқ, жақында салдырамын.

 

-      Менің естуімше қазір тілді екіге бөлуге болады дейді, сен олай жасағың келмейді ме?

-           Жоқ маған осылай да болады.

 

-     Денеңде қаншама сырға мен темір бар, аэропортта металлодетектор шыңылдамайды ма?

-          Қанша ұшып жүрмін, әзірге ешқандай мәселе жоқ. Шын мәнісінде шыңылдайды, тек кім білсін неден екенін. Мүмкін пирсинг, мүмкін тағы басқа.

 

-     Жасың келеді, қартаясың осылай татумен жүре бересің ба?

-          Ол жасқа әлі жету керек. Пирсингке арналған сырғаларды қалаған уақытта шешіп тастауға болады. Ал татуды өшіруге болады.

 

-     Абақтыда отырып шыққансың ба?

-          Бұл зэктардың татуы емес. Шынына келгенде түрмеде отырғандарға тату керек емес. Артық белгі болып қалады.

-    Сенің жабайы татуажың қандай мағына береді?

 Жәй, әншейін, әдімілік үшін!   

Бодимодификацияға әуес адамдарға көбіне қойылытын сұрақтардың тізімі  осындай. Бұл адамдарды түсінетіндер де бар, түсінбейтіндер қаншама! Суретті денеге емес, қағазға салдыру немесе салу ең дұрысы.

 



Бөлісу: