"Шың талант иесі өмірлік құбылысқа бейтарап қарамайды"

Жақында кітапханада «Алматы ақшамы» газетінің (2010) «Білгім келген бір сұрақ» айдарынан «Сал-серілер сауықшыл ғана болған ба?» деген сауалды хатын оқыдым. Музыка мәңгі алауымен қазақтың мал жайылған кең даласында тасқа қашалғандай таңбасы бар тұлғаларды «сауыққұмар» атау – әдепсіздік сияқты. Иә, рас! Қазіргі тілмен айтқанда, сал-серілер сол заманның «VIP» әншілері. Думанды кештің басталуы мен аяқталуы да осы аттылардың еншісінде болса, той біткенде кем дегенде он шақты қыз қанаттарының астына енген. Дегенмен, көзге елестетсең көңілді кештер көрініс беретін сал-серілер өмірі, ғасырлар өтсе де, жыл сайын жаңарып тұратын тарихтың тұрақсыз жазбаларына бағынбайды. Сауықты сүю – сананың жоқтығы емес. Өзіңіз ойлаңызшы, қай сал-серінің болсын жастықтағы бал күндерін басым оқысаңыз да, өмірінің азапты сәттеріне үңілсеңіз жүрегіңіздің өксуіне жол береді.

    Отарлық дәуірде көк аспанда қыранша қалықтаған орыстың «оңбаған саясаты» қазақтың мәдени-ағартушылық ахуалын төмендетпеске қоймады. Көзі ашық азаматтарды жою үшін – өздерінің тарапынан түскен бір тал шаш үшін оларды жауапқа тартты. Мәдениет тарихына жаңалық қосқан Жаяу Мұса да бай үйіндегі патшаның суретін жыртып жер аударылып, Шорманның көргісіз қасына айналғаны тарих бетінен аян. Той-томалақтың төлі болған серілердің көңілдері – қызда болғанмен, махаббаттары – халқына, ыза-кектері – бай-шенеуніктерге арналса керек. Әлеуметтік халіміздің төмендегенін көксеген, қазақта тарих болмағанын қалаған «сары шаштылардың» саясатына көз жұмып, мәдениетіміздің дамуы үшін «зарланып», ашынғандардың бірі – осы сал-серілер.

   Жаяу Мұсаны өзім көп оқыған соң, мысалға тиек етіп отырмын. Дегенмен, ән шырқап, домбыра шерткенде шығатын дыбыс құрамындағы құнарлық Біржан сал,   Ақан Сері, Ыбырай, сондай-ақ, Естай, Әміре орындауларында да аса ерекшеліктермен көрінген.

    Е.Ысмайлов: «Шың талант иесі – өмірлік құбылысқа бейтарап қарамайды деген.  Ол – рас. Себебі, олар өзінің «сал-сері» атанғанын бақшасы бөтен болса да тамырлас жұртының арқасы деп таныған.

    Цензура бағалы рөл сомдап тұрған шақта халық әлеуметтік, рухани дағдарысты бастан кешіргенмен, олардың арасындағы ауыз әдебиеті мен мәдениеті, ағартушылық пен ізденіс жолы кең өріс жайды. Байдың малын бағып, «жеті атаны» айғайлап айтатын жамау киімдінің, қазіргі «батысқа еліктеу» заманындағы жетесіз ер сымақтардан айрамашылығы асу мен қидай.    Той-томалақта талантының арқасында шыңнан көрінсе де, өзін қарапайым халықтың бірі есептеген өнер иелерінің құны, бүгінгі «шоу-бизнестің» шырмауына байланып бір әнмен биіксініп жүргендерден мың есе артық. «Жақсы бар жерде жаман да қатар жүретіні» тегін емес. Осы орайда, техниканың дамуы өнердің құнсыздануына алып бара жатқаны есіңе түседі.



Бөлісу: