Мені тербеген әндер

Негізінен мен өте қатты "меломан" емеспін. Бірақ, өзіме ұнаған өлеңді жер дүниені шарлаппппп ну енді :) интернетті, диск сататын жерлерді, елдердің соткаларын аралап іздеп табуға тырысамын, сонан соң күні - түні тыңдап жалыққанша айналдыра беремін. Өлең орындалып жатқан тіл маңызды емес, музыкасы тартымды болса, сөздері мағыналы болса ол менің құлағымда ойналуы қалыпты құбылыс. 

Сомен, мен дәл қазір тыңдап жүргендерім: 

1.  Қайрат Нұртас, барлық әндері. Кешіріңдер, ұнамаса пікірлерің өздеріңде қалсын енді :).

2. Ақбота Керімбекова барлық әндері 

3. МұзАРТ- Неге сені сүйдім-ай?, барлық әндері емес көбіне таңдаулы түрде тыңдаймын. Мейрамбектің термелерін тыңдағанда ұнайды

4. Қырғыз әндері, Ғабит Мүсірепов театрындағы "Қызыл орамалды шынарым" қойылымында орындалатын әндер. 

5. Анараның арқасында корей әншілеріне қызығушылық пайда болды, әсіресе Super Junior "Mr.Simple" өте позитивті ән. Билеу стильдері ұнайды. 

6. Орыс тілді әншілерден: ВиаГра, Ф.Киркоров, Меладзе, Вах Тее, Баста, Гуф, Потап и Настя Каменскийдің әндері ұнайды, жеңіл орындалғанымен өзіндік ерекшеліктері бар 

7. Шетелдерден: Мадонна, Леди Гага мен Бейонсе орындайтын "Телефон" әні, Шакира, Roxette, I Love You Like A Love Song- Selena Gomez

Солай, жалғастыра берсем тізім ұзақ боп кететін сияқты. Осы жерден тоқтайын иа :). Эстафетаны Монти жанға беремін. 




Бөлісу: