Керемет кездесу

Керемет кездесу
жеке
блог

  Тіл апталығының аясында Алматы қалалық «Жамбыл» кітапханасында «Ана тілі» газетінің редакциясымен кездесу өтті. Осы кездесуге арнайы ҚазҰУ журналистика факултеті, Алматы пед.колледжі, Алматы Дизайн-Сән колледж  студенттері сонымен қатар, №14 мектеп оқушылары қатысты. Кездесуде «Ана тілі» газеті Бас редактордың бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай сөз бастап «Ана тілі» газетінің өткені мен бүгінін жастарға әңгімелеп берді. Одан кейін Мәдениет және өнер бөлімінің редакторы Бағдагүл Балаубаева, Ақпарат бөлімінің редакторы Нұрлан Құмар сөз алып «Ана тілі»газетінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Редакция ұжымы кездесу барысында көптеген тақырыпта қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңы оқырмандар арасындағы білім деңгейін анықтау үшін қызықты ойынға ұласты. Ойын аясында екі топқа бөлініп, өз топтарын таныстырып, мақал-мәтелдерден жарыс та ұйымдастырылды.Өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқып сайыстың сәнін одан әрмен арттыра түсті. Кездесу соңында Редакция ұжымы қос топқа сый-сияпаттарын ұсынды. Кездесуді ұйымдастырған «Жамбыл» кітапханасы Редакция ұжымы мен қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кітапхана  атынан тұрақты оқырмандарға Алғыс хат беріп, сый-сияпаттар тарту етті.