Адам бол

Адам бол

 


    Адам бол! Осы сөздің түп мағынасының аса тереңде жатқандығына мән берсек,өте киелі ұғым екендігіне көзіміз жеткендей болады.Тереңірек үңіліңізші,адам баласына айтылатын "Адам бол" сөзінің құдіреті неде деп ойлайсыз?
    Адам баласы Алланың рақымы мен махаббатынан жаратылды.Оны басқа тіршілік иелерінен ерекше саналы,сезімді етіп жаратты.Демек,адам өзінің ерекше саналылығымен,ойлау жүйесінің кеңдігімен сараланады.
    Қайратың қажырлы болса,саған шыдамдылық,
еңбекқорлық,намысшылдық,асқақтық,рухшылдық бітеді.Ақылың нұрлы болса,саған ибалылық,тәртіптілік,арлылық,кешірімділік,сабырлық, естілік бітеді.Жүрегің жылы болса,саған сезімталдық,
сұлулық,кішіпейілділік,махаббат бітеді.
   Бұл асыл қасиеттер әр адам баласының бойында табылып жатса,нағыз сұлу адам сол болмақ.Үлкендердің "Адам бол"
деуі,осы қасиеттерді бойыңа жи дегені деп ойлаймын.



Бөлісу: