Әке-асқар тау

Әке-асқар тау
жеке
блог

 

                                                                 Әке-асқар тау


   Әке...
Осы сөзді айтсам,бір түрлі қанат біткендей,құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын.Арманға жетелеп,ерлікті білдіріп,алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып,соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын.Нұрға бөленген мейірлі де,мейірімді,тірек болар,пана болар,жол көрсетер шың-әке.Иә,әке-асқар тау,асқар шың.
    Әкенің мейірімі,басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді.Құшағына еніп көрші,ол құшақтан босағың келмейді.Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай.Осындай мейірімді,жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап,асқар белдерінен демеп асырып,сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп,алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді.Әке- әркімге де асқар тау,ана-өмір сыйлап,нәр берер бұлақ,бала-жағасындағы балауса құрақ.Әр әке арманы-құрақтың өсіп қатаюы,шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі,балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.