Әке саған айтарым...

Әке саған айтарым...
жеке
блог

   Жатақханадан шығып келе жатқаным сол,төбеден ұшып келіп 1парақ алдыма түсті.Асыққаныма қарамай,қызығушылықпен парақты аштым күнделік бетінен екен.

  Әке... Осынау ардақты атты атап шақыра алмау,көргің келе тұра жеккөрініш сезімдерінің құрсауынан шыға алмау,кеудеге толған өксік пен сансыраған сансыз сұраққа жауап таба алмай,жайраңдап жүріп,жегі құрттай жаныңды жер сезімдер таныс па?Әке деп атай алмай,оның орнына ағаның жылуын сезіну.Өзге отбасы бар екенін біле тұра,ең болмаса сырттай бір көргің келетін сезім ше?Бірақ,ағаның алақаны әке алақанындай,аға мейірімі мен қатулана қараған қабағы әкеге жете алар ма екен?Анамның барына,ағамның барына Аллаға шүкір етемін.Бірақ әке туралы әңгіме өрбісе болғаны, «не үшін?» деген жауапсыз сауал ішіңе ұялайды.Бүгінде не көп ажырасқан отбасы көп,осыдан елу жыл бұрын әкесіз деген ат,адамды үркітсе,ал қазір ондай отбасы екінің бірінде бар.Біреудің қаңсығы,біреуге таңсық дей ме?Ұядай отбасы барда,тыныштықтың шырқын бұзып,етекті әйел көрсе еріп кететіні,отбасылы азаматтардың не әдеті екен?Қаннан жаралған баласын сүйіп қосылған жарының өмірін орта жолдан ойран етіп кеткені қай сасқаны.Ана мейірімін сыйлағанымен әкенің орнын баса алмайтынын сезбейтін есерлер-ай!Әкесіз өскен баланың ыза-кекке булығып өсерін ұқпайды ғой... Мейлі,менде ел қатарлы ересек өмірге қадам басудамын,әке!Сені бақытсыз болсын демеймін,бақыт тілеймін.Тек сенің «қызым» деген сөзіңді,өзіңді сағынып,қызғанып қалатын сәттерім болмаса! Мен арманыма жеті,анамды әлі-ақ сен бөлей алмаған бақытқа бөлеймін.Тұрмысқа шығамын,тек сен сияқты адамға емес!Баланың,жардың бақытын білетін адамға.Менде бала сүйермін,бірақ сен сол сәтте қандай күйде боласың?Мына қызыңнан көрген немереңді бір сүю сенің маңдайыңа жазылмаған ғой!Отбасыңмен бейбіт ғұмыр кеше бер.Тек сенен бір тілегім бар,ол сауалыма жауап алу ғана!Мені тастағаныңмен осы тілекті желге ұшырма,әке!

  Қалта телефоным шырылдаған сәтте есімді жидым.Жанарымнан еріксіз жас ағуда... Мұңаймашы,өмірің алда деп күбірлеген күйі іліне басып кете бардым...