Адамдардың алтынына

Ұшқыр оймен қанат беріп қиялға

Шыбытымды шыңдаушы едің,ұстазым!

Шәкіртіңді ұзатып боп қияға

Жырақ жүріп  қолдаушы едің,ұстазым!

 

Жақсы әдетті сіңіріп тұла бойыма

Ақ жол тілеп тұрушы едің,ұстазым!

Шарықтасам шектеу қоймай ойыма

Арманымды білуші едің,ұстазым!

 

Балғын күнде  балап мені бақытқа

Баспалдағын жаңа өмірдің бақсыздың...

Демеу сұрап барған әбрбір уақытта

Жылылықтың тәтті дәмін татқыздың...

 

Еркелетіп енші бердің Есілге,

Айтқан құнды жәдігерің есімде.

Тар құшақты айқара ашып,жатсынбай

Ана болдың «шабыт» деген жетімге.

 

Қарыздармын....өтеуі  жоқ қарыздың,

Орындалсын армандаған бар ізгің.

Шын жүректен  басымды иіп өзіңе

Алғыс айтам, бұл-адамдық парызым!



Бөлісу: