Құрдастар, естеріңді жиыңдар!

Құрдастар, естеріңді жиыңдар!
жеке
блог

Кеше жұмыстан соң, әріптестерім мен құрбыларыммен бірге боулинг ойнауға барған едік. Арада 2-3 сағат өткен соң, үйге қайттық. Көлікпен келе жатқан едім. Алыстан жас қыздың жерде домаланып, ал қасында тұрған жас жігіт пен қыздың оны тұрғыза алмай жатқанын аңғардым. Басында анау қызды көлік қағып кетті ме, әлде, естен талған ба деп қалдым. Жақындағанда аңғарғаным. Домаланып жатқан қыз мас, жанындағыларды балағаттап жатыр. Ал қасындағылар болса, оны былай да, былай да көтеріп, тұрғыза алар емес. Бір кезде жігіт қолын бірақ сілтеді де көлігіне отырып кетіп қалды. Ал қыздар болса, қалып қалды. Мен де жүре бердім.
Әрине, менің оларда еш шаруам жоқ. Бірақ, сол қыз бір үйдің мен сияқты қызы. Ата-анасы, ағайын-туысы, ел-жұрты "Гүліміз, еркеміз" деп мәпелеп өсірді. Қайран шешесі оны өмірге әкеп, өсіріп, бағып қаққанда "Қызым осылай мас болып, жерде домаласын" демеді ғой. Әке-шешесі "Қызым еңбек етіп жүр", "Оқу оқып жүр" деп марқайып та жүрген болар. Ал ол қыздың оны ойлап жүрмегені айдан анық. Қазіргі заманда ештеңеге таңғалуға болмайды. Онда ессіздікті күнде көрмесек те, жиі естиміз, куәсі боламыз. Айтпағым, естеріңді жиыңдар, құрдастар!