Қазағымның ұлылары

Қазағымның ұлылары
жеке
блог

Көп еді ғой ұлы адамдар қазақта,

Ұмтылатын еркіндік пен азатқа.

Тұншықтырып ынта менен жігерін,

Қатал тағдыр салды оларды азапқа.

 

Тап болды олар дұшпан басқан заманға,

Кісен салған әрбір басқан қадамға

Қырды оларды "халқымыздың жауы" деп,

Атты аямай қауіпі бар деп адамға.

 

Міржақып пен Ахмет еді жол салған

Көрінсін деп қазақ халқы көш алдан.

Қазақтардың қаһарынан сескеніп

Дұшпан біткен ұлылардан өш алған

 

Шыншылдық пен еркіндікті іздеген

Болашақтан ешбір үміт үзбеген.

Сәкен, Мағжан, Ілиястарым ұлылар

Қазақ жүрді солар салған ізбенен.

 

Қазағымның бәйшешегін солдырған,

Ызғарлары талайларды тоңдырған

Бейімбет пен Сұлтанмахмұт қандай ед,

Алтын басын  дұшпан қалай  қор қылған

 

Одан қалса тоңдырған қар,мұздары

Жастарды алды желтоқсанның ызғары.

Ләззат пенен Қайраттарым сияқты,

Қыршын кетті қыздары мен ұлдары.

 

Албандардың алыптары саналар,

Алтынбек пен Заманбектей ағалар.

Қазақ десе жүрегі қақ айрылған

Ұрпақтарың  еңбегіңді бағалар

 

Бүгін міне, ұлы аттарың ақталды,

Көз қарас пен пікірлерің жақталды.

Сендер жазған жырларың мен мұңдарың

Баға жетпес қазына боп сақталды.

 

Енді міне жалғастырып тірлігін,

Қазақ түрды енді ғана түндігін

Таңдар атты бабаларым аңсаған

Сақта, Аллам, қазағымның бірлігін

 

Жүрміз енді жандарымыз жайланып,

Армандар да ақиқатқа айналып,

Мұқағали арыз етіп қалдырған,

Туған күні жатыр жылда тойланып.