Бүгін сен түсіме ендің....

Бүгін сен түсіме ендің....
жеке
блог

Бүгін сен түсіме ендің,

Ойладым ба, бір сені түсінбедім.

Түсің суық бір түрлі көріндің сен,

Ауырып қалағансың-ау түсінгенім.

 

Амандасып, қасыңа келгенімде,

Осыны көру үшін келгенім бе?

Тұла бойым түнеріп кетті менің,

Бозарған өңіңді мен көргенімде.

 

Ақын досым, білемін, хабарласпай кеткенімді,

Бәлкім сен түсінбессің неге олай еткенімді.

Жер дөңгелек кездесіп қалсақ егер,

Қалар едім кешірімді боп кеткеніңді.

 

Досым, сені бақан шығар терең ойлар,

Сен туралы менде де бір терең ой бар.

Меніде түсінбессің бір дал болып,

Түсінгенім мен туралы бір ой жайлар.

 

Көргім келеді, жүзіңнің жайнағанын,

Бақыт келіп бір сені жайлағанын.

Халықыңның бар жырларын жырлап өтсен,

Қадірлі боп бір жанға айналғанын!