Джентельмен – ол әлсіреген Дон Жуан

Джентельмен – ол әлсіреген Дон Жуан
жеке
блог

Бүгін сабақта отырып қыздардың нағыз Джентельмендер туралы әңгіме айтып отырғанын құлағым шалып қалды. Сондықтан Джентельмен мен Дон Жуанның 10 айырмашылығын жазуды жөн санадым. Қыздар,  біле жүріңіздер)  

1.Джентельмен өзін қалай ұстауды біледі, ал Дон Жуан өзін «ұстай алмайды».

2.Джентельмен – сөзіне берік, ал Дон Жуан – ісіне.

3.Джентельмен – ол әлсіреген Дон Жуан.

4.Джентельмен үнемі нәзік жандыларды алдыға жібереді, ал Дон Жуан бірде  бір қызды жібермейді.

5.Джентельмен бикешті артықшылықтарымен қызықтырады, Дон Жуан ақауларымен.

6.Джентельмен ешқашан өлмейтіндей сүйеді, ал Дон Жуан тіптен ертең өлетіндей сүйеді.

7.Джентельмен күнде таңертең қырынады, ал Дон Жуан кешке

8.Егер бикеш құлап қалса, Джентельмен міндетті түрде көмектеседі. Ал Дон Жуан қызбен қатар құлайды.

9.Джентельмен бикеш үшін қолғабын шешеді, ал Дон Жуан бәрін.

10.Джентельменде Дон Жуандық белгілер аз, ал Дон Жуанды бір көргенде Джентельмен ба деп ойлап қаласыз.    Бастысы, қыздар, жар таңдағанда болашақ күйеуіңіздің бойында Джентельмендік қасиеттердің көбірек болғаны жөн. Бірақ, Дон Жуанның да кейбір қасиеттері артықтық етпейді)))