Анама сыр

                                                   Анама сыр

Жырақтамын,асығамын өзіңе

Махаббатым жанарымнан сезіле

Сен алыста,жете алмастан қиналып,

Мына жүрек жылап жатыр езіле.

 

Сағынамын мендік ойға мұң тұнып

Ол ойымнан шыға алмаймын тұншығып

Қайтем енді жігерімде құм болды,

Махаббат жыр жетпей сізге ұмтылып.

 

Сезімді айттым арсыз желге ақтарып

Түнге айттым,тыңдамайды ол ғаріп

Мендік жанды түсінбейді ешкімде,

Алматыда қарайтындай сызданып.

 

Тамшы ғана,мүсіркейді мен емес

Ол да шіркін мөлдірліктен кендемес

Жаратылдық екеумізде мөлдірден,

Кінәміз сол ұқсамаймыз пендеге еш.

 

Түсінбесін еріктері өзінде

Өкпе артпаймын соқыр,мылқау сезімге

Сағынышпен армандарым астасып,

Анашымау қалаберсін өзімде.

 

Тыңда,анашым жыр құраймын жұлдыздан

Сыр айтамын,сыр тыңдаймын ай қыздан

Менің даусым естілмейді амал не,

Шаға алмайды Алатаулық шың құздан.

 

Тойлыбай Қымбат,  28. 01. 2013жыл



Бөлісу: