Қош келдің, Балмұздақ!

Қош келдің, Балмұздақ!
жеке
блог

Кеше ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі(ЭжБЖМ) факультетінде 1-курс студенттерін "студенттер Сенаты" қатарына қабылдау кеші өтті. Кештің жалпы мақсаты: 1-курстар арасында белсенді деген жастардың талантын ашып, ең мықты студенттер қатарына қосу. Шара барысында әсем ән тыңдалып, әдемі би биленді. Көңілді ойындар ойнатылып, көрермендер жалынды жастар өнеріне қанық болды. Кеш соңында студенттер Сенатына зор үлесін қосып жүрген Асқар Әскеров,Нұрлан Әбдіқадыров, Аида Тойлыбаева, Айсана Ашықбаевалар сөз сөйлеп, жас таланттарға жылы лебіздерін білдірді. Жоғары деңгейде өткен көңілді кеш Сенаттықтардың тамаша биімен аяқталды. Осындай қабылдау кештері өзге факультеттерде де жалғасын табады деген сенімдеміз. Студенттер Сенатына қабылданған барша студенттерді құттықтаймыз. Тек алға!