Ғалымдар бактериядан мұнай өндіруде

Кореялық ғалымдар генетикалық мутация арқылы бактериялардан жанар май алуда. Жақын 50-60 жылда жанар май қорының таусылатынын ескерсек бұл жаңалық өте кең қолданысқа түсуі мүмкін.

Ғалымдар тобының жетекшісі Ли Сан Обтың айтуы бойынша қазіргі уақытта бұл тәсіл жетілдірілу үстінде. Бір килограмм мұндай бактериялық сұйықтықтан 580 милиграмм мұнай алынады екен. Глюкозаны өзіне сіңіріп, мұнай бөлуге қабілетті бұл бактериялардың тиімділігі болашақта артады деп ойлаймыз.

Негізі бұл әдіс 2010 жылы АҚШта пайда болған. Дегенмен Америкалық ғалымдар биодизель мен углеводородты қана өндіре алған. Бұл жанармайдың қазіргі жанармайдан айырмашылығы мол болды, десекте кейін өте кең қолданысқа түседі деп отыр.

Айта кететін болсақ бұл әдісті ғалымдар ерте кезден білген. Осыған орай Америкалық мамандар пандадан альтернативті түрде жанар май ретінде пайдаланылатын биоэталонды өзінен бөліп шығаратын 40 шақты бактерияларды анықтаған.

Ғалымдардың айтуы бойынша биодизель мен биоэталонды өңдеу үшін заводтағы машиналарға өте көп мөлшерде электр қуаты мен уақыт қажет. Ал осы жұмысты тез әрі оңай өндіруге бұл бактериялардың көмегі зор болмақ.



Бөлісу: