Ол көктем оралмай ма деп...

Ол көктем оралмай ма деп...
жеке
блог

Жапырақтарға, жайғасқан жерге үзіліп,

Көз тігемін де, өксимін тағы үздігіп.

Көкпеңбек нұрмен көмкерген көктем ұмыт боп,

Санамды жайлап алғандай, сары күз кіріп... 

 

 

Келмейсің білем, көрісер біздер сирек күн, 

Долы боп кейде, кетеді кенет мақпал түн.

Ызалы жел де сен жақтан хабар береді, 

...сен болып, тіпті, қатады үн...

 

Елтимін іздеп, шуақ боп атар күнді алдан,

Қайтатындай боп, қайран көктемім, «ұрланған»,

Басталды менің кеудемде сұмдық, сұрапыл - 

Қыс келіп қалды, кетеді күз де "жынданған".


 

Өтеді тәулік, жарысқан ай мен жыл неше,

Сен де келерсің, болғандай бәрі нақ кеше.

Аласұрып ем, адасып жүрсің қайда деп, 

Оралдың... Бірақ, қорқамын...

                                     ол көктем оралмай ма деп...