Сырға толы сан тағдыр

 

Сәлем достар! Барлығыңызға қайырлы күн. Барлығымыз үшін ең жақын тақырыптардың бірі махаббат жөнінде сөз қозғағым келіп отыр. Күндегі қайталанып жүрген күйбелең тіршіліктен бәріміз әбден шаршап жүрміз. Оның үстіне күз мезгілі де келіп қалды. Сондықтан сәл болса да сергіп алу үшін осы тақырыпты қозғамақпын.

Мен үшін тағдыр деген өте сырға толы дүние. Кей-кездері кейбір жандармен мүлде кездейсоқ танысып, сол жандарды көптен бері білетіндей жақын болып кетесің. Ал кейде жаныңнан артық көріп жүрген жандармен тағдырдың қалауымен айырылысып жатасың. Мұның бәрі - тағдыр.Яғни біздің өміріміз және сол өмірдегі жандар алдын-ала маңдайымызға жазылып қояды екен. Бұл менің ашып отырған жаңалығым емес. Тек жандарыңызда жүрген әрбір жанмен сіз кездейсоқ кездескеніңіз жоқ. Соны түсіне білу керек.  Олар сіздің өміріңізде өз маңыздылығымен, қолтаңбасымен қалады деген сөз. Мен неге тағдыр жөнінде сөз қозғап отырмын дейсіз бе? Өмірлеріңізде естіген немесе өз бастарыңыздан өткен, тағдыр қалауымен ерекше жағдайда табысқан екі жұптың қызықты оқиғаларымен бөліссеңіздер деймін.

 



Бөлісу: