есектің орысшасы "ишак" емес "козел" екен

Өткенде үйдің сыртын сыламақ болған қайын ағам, көршінің үйіне "есек" (үстіне адам шығатын ағаштан жасалған бұйым) сұрауға барыпты.Көршіміз түрік кісі, орыс тілінде сөйлейді. Ағам барып "есектің" орысшасы "ишак"деп ойлап:

-Тетя Теля,"ишагынызды" алайын -деп сұраса, әлгі көршіміз:

-"У нас нету ишака"-деп тән алмай қойыпты. Сөйтсе ағам да қоймай:

-"Қалай жоқ, тұр ғой огород жақта, бір емес екеу"- депті саспастан.

Сол-ақ екен Теля татемиз қолындағы сыпырғышын тастай сап:

-Мой помидоры!!!-деп айғай сап огородқа жүгірген екен. Оның бұл ісіне таңырқаған ағамыз "помидоры несі, қайда жүгіріп кетті" деп абдырап қалыпты.

Сөйтсе есектің орысшасы "ишак" емес "козел" дейді екен ғой. Көршіміз бұны кейін түсініп, екеуі әбден күлген екен.



Бөлісу: