Тіл мәдениеті

Тіл мәдениеті
жеке
блог

Жалпы тіл мәдениеті қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тәуелсіздігімізді алу ең басты жетістігіміз болса, қазіргі кезде қазақтың қазақпен орысша сөйлеуі, тіліміздің мәртебесін кемсітуі ең басты жеңілісіміз болып отыр. Өкінішке орай қоғамдық өмірімізде туындаған бұл мәселенің кетігін мемлекетіміз бүгінгі кунге дейін жама алмай келеді. Қазақша екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын шенділеріміз мемлекетіміздің өркендеуі жайлы сөз қозғағанда күлкін келеді, бірақ шың мағынасында бұл өте аянышты оқиға. Амал қанша, билік еншісі солардың қолында, еріксіз езу жиюға тура келеді. Өз басым мемлекеттік тілдері бола тұра, саяси отырыстарда немесе парламенттік жиындарда сөйлесу құралы ретінде басқа жат елдің тілін қолданатын бірде-бір елді білмеймін. «Бес орыс отырған жерде жүз қазақ отырса да қазақтар орысша сөйлейді. Біз осындай сорлы халықпыз ғой!» - деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыздың сөздері қазіргі тұсымыздағы тіл мәдениеті денгейінің шынайы ақиқаты екендігі рас. Бұл ақиқатты қабылдап, мойындағанымыз жөн. Себебі, шынайы көріністі біліп көрмей ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтау мүмкін емес. Қазақ жалқау, қараңғы болған, сол қараңғылықтың бір етегі қоғамымызда белең алуда. Ыбырай мен Мұхтардың кім екендігін білмейтін қазақтар да жоқ емес. Дегенмен Абайдың өлеңдерін ой елегінен өткізіп ой түймеген, адайды тыңдап рухтанбаған жүрегінде оты бар қазақ жоқ деп ойлаймын. Бар бәленің бәрі ұл-қыздарымыздың дұрыс насихатталмауында, ұлттық сананың төмен болуында. Қорыта келгенде, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең елдің іргесін бірінші орынға қойылған тіл мәдениеті мен жалпы халық мәдениеті құрайды. Себебі, қазақ бір ауыз сөзбен күлдіріп, бір ауыз сөзбен жылатқан халық.