Ауылға хат

Кешегі ұлылардың мекені Абайдай хакім, Шәкәрімдай ақын, Мұхтардай ұлы жазушы, Әлихандай отансүйгіш ұлылардың мекені Семей өлкесіне, қойнауы құпияға толы қасиетті мекен адамзат қоғамының тарихи үлкен мұражайы деп атауға тұрарлық Мырзағылұлы пір бекеттің мекені Маңғыстау өлкесіне, ақ маржанын астанасы Мұстафа Шоқайдай ұлыларды дүниеге әкелген ұлы Қорқыт бабамыздың қаны тамған Қызылорда мекеніне және барша қазақ ауылына салем хат жолдаймын!

Салем хат қана жолдап қоймаймын, елім деген егеулі найза қолға алып, ереуіл атақа ер салар намысы мен ер жігері мықты барша ұл қыздарымызға, отандастарымызға үндеу тастаймын! Кешегі кеңес өкіметінің әкімшіл- әміршіл жүйесінің сонша сынға алып кескілдіріп едік. Әрине кеңес үкіметінің кереғар саясаты ұлттық мүддені тұншықтырып бас көтерер ұландарымызды халық жауығып жойып жібергені рас. Бірақ әлеуметтік жағдайымыз әсіресе сол кезеде бірлігі мен берекесі жарасқан, төрт түлікке сай, азық түлікке бай ауылдарыдың жағдайы ерекше еді. Мысалы Семей өлкесі мыңғыраған төрт түліктіде, керемет техникалық дақылдарды да өсіріп, бүкіл одақты етпен, малмен қамтамасыз етіп, Қызылорда өлкесі ақкүріш арқылы әлемге танылып, Аралдың балығымен елді қамтып, Барсакелмес аралы арқылы табиғат байлықтарын да сақтап отырған. Ал, Маңғыстау өлкесі өзінің ерекше табиғаты мен жануарларымен елге танылып Қаракөл өлітрісімен-ақ айды аспанға шығарған болатын. Ал сол ауылдардың қазіргі жағдайы қандай? Семей өңірінің мыңғыраған малы келмеске кетті. Өз мәртебесінен айырылып Өскеменмен бірікті. Маңғыстау өлкесінің негізгі мұнайлы ауданынан басқалар тоқырауға ұшырады. Қызылорда өлкесі күн санап қуаңшылыққа айналып, аспандап тұрған Аралдың мәртебесі бүгінде бастың ауыруына айналыды. Тіпті кейбір ауылдардың жайын баяндауға аузым бармайды. Себебі бірінде ауыз су, бірінде жарық тағы бірінде сондай өзекті мәселелер әсерінен әл ауқаты нашарлап күн сайын күн көріс қамы қиындап барады. Осындай әлеуметтеік және табиғи қолайсыздықтар әсерінен ауылдың болашағы бұлыңғырланып, ауыл халқының саны күн санап азайып бара жатыр. Кеңес үкіметі қарсаңында қарқындап тұрған ауылшаруашылығы тәуелсіздік алғанан кейін неге қанат қағып қарыштап ұшып кетпейді? Енді осы мәселеге тоқталайық. Сонда кешегі мыңғыраған мал, жайқалған жасыл егістік, ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындармен фирмалар қайда? Бәріде жегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Бұның себебі нарықтық экономиканы дұрыс түсінбе алмағанымызда. Нарық ұғымын өзім деп түсініп, өзгені көрмейтін көр соқырға айналыдық. Өзгенің қолындағысын өзімдікі деп айтудан арланбайтын болдық. Нарық деген өз шаруашылығыңды өркендетіп, өзіңдегі барды өзгемен айырбас жасау. Осы арқылы бір-біріңді жоғыңды түгендеп бөлісу. Өткен іске өкініш көп. Өкінгенмен пайда жоқ. Енді болашағымызды нақты бағдарлап, мақсатымызды айқындап алайық. Ең бірінші өмірлік ұстанымымызды өзгертейік. Ішсем,жесем, ойнасам, күлсем деген жануарлық ойдан арылып, адам болып өмірге келгенен кейін адамша еңбек етіп, артымызға игі іс қалдыруға тырысайық. Екінші өзімізді өзіміз дұрыс танып білейік. Жоғарығы мәнсапқа, дүние байлыққа емес біліммен, ғылымға жүгінейік. Себебі адам - адамнан, дүние - мансаптан емес, біліммен адамгершіліктен озатынына күмән келтірмейік. Үшінші мамандықты атақ мансапқа емес, елеге тигізер пайдасынан таңдайық. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді,- дана халықымыз. Елім, жерім дейтін есті азамат болсақ еліміздің ертеңі, болашығы, тәрбиенің қайнар көзі ауылдың жайын өркендетейік. Өйткені рухани болыс, материалдық болыс болсын барша құндылық бастауы ауылдан басталыды.

Ал енді мен ақыл айтам, ақыл айтам таңданба,

Қорлық үшін келген жоқсын мына өмірге жалғанға.

Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,

Болмысты да, болмасты да болады деп арманда, -деп ақиық ақын атамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай жалындап тұрған жас шағымызда асқақ армандарымызбен биік мақсаттарға ұмытылудан талмайық. Адам деген ұлы жаратушы Алладан кейінгі екінші құдіретті күш иесі. Адамның қолынан екі-ақ нәрсе келмейді. Ол жоқтан бар жасау, жансызға жан бітіру. Қалған істің бәрі адамның қолынан келеді. Оның дәлелі құс болып аспанғада ұшамыз, суғада сүңгиіміз, жердің терең қойнауынада ене аламыз. Егер әрбір саналы жас өмір жолын жоғарғы мәнсаптан емес, төменгі сатыдан бастаса ертең ол белсенді азамат, беделді адам, кәсіпқой маман болар еді. Орыстың ұлы қолбасшысы Жуков: «Соғысқа дайындық қанщылықты шынайы қиын болса, соғыс соншалықты оңай болады» деген екен. Мұндағы айтпағым өмір жолыңызды аулыдық фермерден бастасақ ертең ауылшаруашылық министріне, дәрігерден бастасақ денсаулық министріне, ұстаздан бастасақ білім министріне, әкімшіліктен бастасақ президентке айналуымыз ғажап емес. Өмірлік басты мақсат атақ, мәнсап емес, ел үшін еңбек етейік ағайын!



Бөлісу: