Шетелге сатылған қазақ баласы

 

Салем массагеттік достарым! Кеше кешкісін интернеттен музыка іздеп  отырып, Еркін Нұржановтың "Шетелге сатылған қазақ баласы" атты өлеңін көріп қалдым. Кейін оны  тыңдап көзіме еріксіз жас үйірілді.Неге дейсіз ғой? Шетелдегі бауырымыз жайлы осы бір әсерлі өлеңде отандасымыздың шетелде қазақ қызын көргенде әкесі мен шешесін көргендей қуанады. Жалпы осы әнді тыңдауға кеңес беремін!

 Осыдан мен шетелге сатылған балалар жайлы олардың жай-күйі, мемлекет тарапынан қандай бақылаулар жүргізіліп жатқанын іздестіре бастадым.

Сонымен не керек, Америкада асыранды балаларды қорлаудың жаңа бір тәсілі әшкере болды. 18 ай бойы АҚШ-қа әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген жетімдердің өмірін зерттеген мамандар адам шошырлық айғақтар тапқан. Яғни, бала асырап алған отбасылар қарауындағы сәбилер ұнамаса ғаламтор арқылы өзгелерге сыйға тартып келген. Ал ешкім қарауына алуға құлық білдірмеген жасөспірімдерді қораға қамап жан-жануармен бірге өмір сүруге мәжбүрлепті. Қорлық көрген балғындардың көбі Қазақстан, Ресей, Қытай мен Украинадан асырап алынғандар.

    Қазақ  деген  халық - халық болып қалыптасқаннан бастап жетімін жылатпаған жесірін тастамаған  болатын. Ал қазіргі ахуал қалай?- деген сұраққа жауап іздер болсақ, жағдай мүлдем басқа. Жетімді жылатпағаннан басқасын қоя тұрып, жаны қазақ бүлдіршіндерімізді шетелдіктер  мұхит асып елдеріне әкетуде. Бұл бүгінгі күннің ең басты мәселерінің бірі. Еліміз  балаларды шетелге қамқорлыққа беруден әлемде  үшінші орынды алып отыр екен. Бұл қуанарлық жайт емес. Шетел асқан қаракөздеріміздің  көп бөлігі, Америкаға тиесілі болса қалғаны Белгия, Ирландия, Франция сияқты алпауыт елдер. Бұл балаларды өз елі туған халқы бауырына баспағанда, өзге елдің ұлты бауырына басады - дегенге кім кепіл береді. Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді дейді халық нақылында.

Біз жетімдерміз !

Жетімдерміз!

Ақпанның,

Аяз-қардың өтіндеміз.

Мына сараң өмірден  сауға сұрап,

Тіршіліктің мазасын  кетіргенбіз- деп Мұқағали ақын жырға қосқан жетімдер– сондай отанынан алыстаған жетімдердің жан айқайына ұқсас.   

Бір қызығы жоғарыдағы аға-әпкелеріміз "шетелге балаларды қамқорлыққа беру"  туралы заңға біз қарсы шыға алмаймыз дейді,сіз қалай ойлайсыз  шетел азаматтарына  қаракөз бүлдіршіндерімізді  қамқорлыққа бергеніміз дұрыс па ?

 

 

 



Бөлісу: