Жас бұзау жолбарыстан қорықпайды
жеке
блог
блог
Бала кезде ғой, кім мықты деп таласқанда өзіміздің ойлап тапқан сынақтардан сүрінбей өтуге тырысатынбыз. Соның бірі - ырылдап тұрған иттің тісінің арасына саусағымызды кіргізіп, қайтадан шығаратынбыз. Бірақ бұдан бәріміз сыр білдірмей өжеттік танытып өтіп кететінбіз. Сосын кезек шатақ мінезі бар аттың бауырынан өтуге келеді. Жүрегінің түгі барлар лып етіп бірден өтіп кетіп жатады. Жас бұзау жолбарыстан қорықпайды деген мәтел осындайда айтылған шығар.
Ал, қазір осыларды қайтадан жасауға жүрек дауалар ма екен?