Қоғам дерті деп білем...

     Көкейдегі сауал көпшіліктің көңілінде жүргенмен, өмірдегі дәлелі күннен- күнге көбеюде. Қарттар үйінде қатары көбейген қариялар мен, қу тізесін құшақтаған қарт аналарымыздың қамы кімді алаңдатады?                                                                       Біреуі мансап қуса, біреуі махаббаттың соңынан еріп осы күнде, осы күнге жеткізген ата- анасының қамын ойламайтын жастар қаншама. Белең алған бұл дерттің емін іздемес бұрын түп- төркініне үңіліп күрсем деймін...

      Ата-ананың қанатының астында ержетіп,  болашақта барар жолын таппай тентіреген тентектен не қайыр. Алды - артын ойламаған анасын да ойлаушы ма еді? Ержеткенде еркелеткен әкесін, ақ сүт берген шешесін  тентіретіп жібергеннен басқа қолынан не келеді. Осыған кінәлі бала ма, мүмкін баланың қияға ұшқанда ұядан ілгені болар. Отбасында дұрыс берілмеген тәрбиенің кесірі шығар атамыз бен анамыздың бұл күйі.

    Ия, тәрбиесі түзу болмағаннан қандай оңған азамат шығады дейсің. Мінеки, тығырықты келіп тәрбиеге тіредік. Бірақ осы ойым дұрыс па? Жер бетінде қайсыбір ата-ана өз баласын жаман болсын дейді. Бар көңілін де, өмірін де баласына арнағанда бұл олқылық болып па?

Осы күнге жеткізген ата-анамыздан кінә іздеу- міне, нағыз олқылық.

    Алдымен берген тәрбиені дұрыс қабылдамаған баланың кінәсі ғой бұл. Заман ағынына ілескен бұл күнгі жастардан құралған қоғам кеселі көпшілікке аян. Мен жастар деп бәріне күйе жаққым келмейді, дегенмен бір құмалақ бір қарым майды шірітеді. Неге бала ата- ананың қадірін түсінбейді? Осы сәтте мен анама немесе әкеме не жақсылық қылдым деп ойлансаң ойыңа бір нәрсе келе ме? Келсе жақсы ғой, мен ана ар- ождан дегенді ұмытқан санасыз жастарға айтамын. Дәл қазір ауылдағы анаңа қоңырау шалып, хал жағдайын білсең де, енді бірің барып қарттар үйіндегі қарт әкеңді немерелерімен қауыштырсаң да тағылымыңды түзегенің болар еді.  Бұл сөздерден кейін тым болмаса бірің айтқанды қылсаң-сенің түзелгенің, қоғамның түзелгені, керек десең заманның түзелгені.

    Ата – анаңның тірісінде көңілін тап,

   Өткенде текке өкініп шекпе азап.

 



Бөлісу: