Жапырақ

Күз. Аспан бұлтты. Талдар арасымен үйге қарай бет алып келемін. Жердегі сап-сары жапырақтар адым тастаған сайын сатыр-сұтыр етеді. Қиялдап келе жатқан сәтімде ой түбіне сүңгіп кеттім. Қандай сырлы, бір-бірімен ұштасқан жаратылыс? Мына жерде алтындай шашылып жатқан жапырақтар адам тағдырынан сыр шертетін іспетті.

Көктем. Сен өмірге келесін, енді көгеріп келе жатқан жапырақтай. Өсесің, есейесің, көбейесің. Күз келіп, мына өмірмен қоштасасың. Бір жапырақ ерте түседі, бірі кеш. Бір күнде миллиондаған жапырақ тамырынан үзіліп жатқандай, жер бетінде де минут сайын пенделер өмірден көз жұмып жатады. Тек мұндағы айырмашылық адамда 80-90 жылда жүретін прогрессті табиғаттан 4 айда кореміз. Қыс келіп сол жапырақтың бетін қар басса, көктемде жаңа ұрпақ пайда болады.Бұл құбылыс арқылы алла бізге "ойлан, өмірің мәңгі емес"-деп, ескерткендей. Міне осы ойға шомылып, үйге келгенімді тамақ иісін сезгенде байқадым.



Бөлісу: