Аялдамадағы кездесу

Аялдамадағы кездесу
жеке
блог

        Өмір қайда апарып сан-соқтырарын кім білсін? Кейде тағдырдың саған қандай тосын сый алып келетінін ойлап, біле алмайсын.

         Марат сабақтан шығып, үйіне қарай бет алды. Аялдамада автобус күтіп отырып, көзі бір қызға түсті. Шашы ұзын, аққұба қыз оған керемет сұлу  болып көрінді. Бірақ оған жақындауға батылы бармады. Қыздан көз алмай отырғанда, қыз қоғамдық көлікке мініп кетті. Оның кім екені және қайда кеткені Маратқа белгісіз. Сол күннен бастап Марат мүлдем өзгерді, үйде де достарының арасында да белгісіз күйге бөленіп, ой құшағында жүрді. Әлгі қыздың бейнесі  көз алдында. Сабақтан асығыс шығып, достарымен қоштаспастан, аялдамаға жүгіріп келді. Ендігі ойы қызды көру, онымен тілдесу. Қанша күткені белгісіз, бірақ қыз көрінбеді. Неге келмейді? Енді мен оны қалай табамын? Өз ойымен арпалысқа түскен ол қалай қараңғы түскенін сезбей қалды. Құр сүлдері қалып, үйіне көңілсіз оралды. Түнімен көз ілмей өз-өзін кінәлап,мазасызданды. Содан бір айдай уақыт өтті. Марат тіптен өзгерген. Ойынан сол сұлу кетпейді. Әлде бұл махаббат па? Бұрын соңды бұл сезімді басынан кешірмеген Марат өз сезімін өзге түгіл өзіне де түсіндіре алмады.

       Күздің соңғы күндері. Кейде нөсерлеп жаңбыр жауса, кейде күн де көрінетін. Бүгін Маратқа ауа-райы ерекше ұнады. Автобустың қарбаласында қалғысы келмей, үйіне жаяу жол тартты. Алматының күзгі жолдарымен серуендеген қандай тамаша. Бүкіл жер алтын шапанын оранғандай, айналаның барлығы жапырақ. Тіпті, жапырақсыз көркі жоғалған ағаштар да табиғатқа керемет үилесіп тұр. Бұл көріністі тамашалап келе жатқан Марат өз көзіне өзі сенбеді. Я! дәл өзі, сол аруғой бұл. Қарама-қарсы бетте сол махаббаты келе жатыр. Марат «бұл жолы сені жоғалтпаспын»-деп қыздың алдынан жүгіріп шықты.

-          Сәлеметсіңбе! Қалын қалай? Қайдан жүрсің? Неге көрінбейсің? Білесіңбе мен сені қанша күткенімді? Айтпақшы, сенің есімін кім? Марат қуанышын жасыра алмай тоқтамай сөйледі. Қыз болса таңырқаған жүзімен Маратқа қарап тұрып:

-           Кешіріңіз! Мен сізді танымай тұрмын,-деді.

-          Әрине, кешір, сен мені танымайсың, бірақ мен сені ұзақ іздедім,-деп Марат ақталып тұр.

-          Өтінемін, менің жолымды бөгемеңіз, асығып тұрмын.

-          Ең болмаса телефон нөміріңді тастап кетші, мен саған бәрін түсіндіремін.

   Маратты ұнатты ма әлде оны аядыма ол қыз сөмкесінен кішкене қағазды алып,  Мараттың қолына ұстатты да арықарай жүріп кетті. Марат қағазға үңіліп қараса, қыздың нөмірі мен есімі жазылып тұр. Мараттың қуанышында шек жоқ, үйіне жеткенше қыздың есімін қайталай берді. Құралай! Құралай! Құралай! Марат ойлағандай Әсем,Жазира, Айгерім емес, оның есімі Құралай! Кешке дейін бар шыдамдылығын жинаған Марат Құралайға қоңырау шалды.

     -Алло.

     -Сәлеметсіңбе Құралай!

     -Сәлем, бұл кім?

     - Бұл менғой Марат, таныдынба?

    - Иә, таныдым, сен мені қайдан танисың?

    - Ол ұзақ әңгіме.

    - Мен асығып отырғаным жоқ , әңгімеңді тыңдауға дайынмын.

    - Құралай, ертен жолықсақ қалай қарайсың? Сол кезде әңгімелесейік.

    - Мен қарсы емеспін.

    -  Онда ертен сабақтан соң сені университеттің аялдамасында күтемін.

   - Неге аялдамада?

   - Оның өз себебі бар, кейін айта жатармын.

 Мараттың жүрегі дүрсілдеп тұр, ертеңгі күнге ерекше дайындалуда. Барлығын ойластырып, не айтарын айнаға қарап жаттығып та алды.

Марат сабақта тек сағатқа қараумен болды. Оның сабағы біте салысымен аялдамаға барды.  Көп күттірмей Құралай да келді

-          Сәлем, Құралай

-          Сәлем, Марат.

-          Қалың қалай?

-          Жақсы, өзің қалайсың? Көп күттіңбе?

-          Жоға, неге көңілсізсің?- деді Марат Құралайдың жүзіне қарап.

-          Барлығы жақсы.

-          Қайда барамыз?

-          Таза ауамен серуендеп қайтайықшы,- деді Құралай.

     Екеуі күзгі бақпен ұзақ серуендеді. Марат оны  аялдамада алғаш көргенін, сол аялдама ол үшін сол мезеттен бастап «махаббат аялдамасы» болғанын, артынан оны қалай іздегенін, кездескендегі қуанышын айтты, екеуі күн батқанша қыдырып жүрді. Сосын Марат Құралайдың жүзіне қарап:

-          Құралай мен сені сүйемін, саған бір көргеннен ғашық болып қалдым, сенің жүрегіңде мен үшін орын бар ма?- деп ағынан ақтарылды.

-          Сен де маған ұнайсың, бірақ бір-бірімізді танып білгенше асықпайық.

-          Қанша уақыт десең де сені күтуге дайынмын, ертең кездесеміз бе?

-          Әрине, -деп Құралай күлімсіреді.

-          Олай болса сені ертең кешкі сағат 6 да махаббат аялдамасында күтемін.

   Екеуі қоштасып, ертеңгі күндерін жоспарлап, киноға баратын болып шешті.

  Құралай үйіне қуанышты болып келді. Анасы алдынан шығып, оның жүзіндегі бақытты бірден байқады:

-          Қайдан келдің? Қуаныштысың ғой,-деді анасы.

-          Мама, мама мен бақыттымын. Ол сондай жақсы, ол керемет адам.

-          Кім қызым?

-          Марат, ол маған ұнайды,- деп Құралай бөлмесіне кіріп кетті.

    Қызының күлкісін көрген анасы сүйсініп қалды. Соңғы кездері қызы ауырып, жабырқау болып жүрген. Достарымен де сөйлеспейтің, үйде де сөйлемейтін. Қандай болса да әлгі Мараты қызына бақыт сыйлады. Анасы ойланып отырғанда Құралай бөлмесінен қайта шығып анасын шақырды:

     - Мама мына конвертті кім әкелді? – деп Құралай қолындағы қағазды нұсқады.

     - Не болып қалды? Азанда пошта жәшігінен алғанмын. Саған арналған хат екен, ашқан жоқпын.

     - Мама, бұл менің анализдерімнің жауабы.

     - А солаймa екен, не дейді? Бәрі дұрыс па?

     - Жоқ, мені ауруханаға шақыртып жатыр, кеудемде ісік бар екені дәлелденіпті,- деп Құралай анасын құшақтап, көз жасын ұстай алмады.

     - Мама, менің өмірім осымен аяқталды, барлық арманым барлығының күл-талқаны шықты.

    - Қой қызым, жылама, барлығы жақсы болады, біз сені емдейміз,- деп анасы өзі сенбейтін ғажайыпқа қызын сендіргісі келді.

   Кешке Құралайдың телефоны шырылдады. Қоңырау соққан Марат екен. Ол тұтқаны көтермеді. Телефонын сөндіріп, енді қоспаймын деп өзіне сөз берді.

    Марат ертеңгі күнді асыға күтті. Құралай тұтқасын көтермеген соң, шаршаған болар деп мазаламады. Ертесіне сағат 6 да қолына гүл алып, киноға екі билет алып, аялдамаға келді. Біраақ Құралай көрінбеді. Кешіккен болар деп қоңырау шалды, өшірулі. Марат сол күні Құралайды таңға дейін күтті.

    «Құралай неге келмеді?» деген сұрақ маза бермеді. Мүмкін ұнатпаған болар, мүмкін сезіміне жауап бергісі келмеген шығар. Марат оны ренжітіп алдым ба әлде сезімімді ерте айттым ба? – деген ойлармен көп күн өз-өзіне келе алмады. Аялдамада кездестірген махаббатын, аялдамада жоғалтып алды. Өмірін өзгерткен сол сұлу оның жүрегінде өшпес із қалдырды.