Махаббат гүлі дей ме?

Махаббат гүлі дей ме?
жеке
блог

 

Осы массагет менің екінші күнделігіме айналғандай... Ешкімге айтпайтын "дүниенің" бәрі осында...

Білетін достарым, шыны  керек түсінбейді. Біздің қарым-қатынасымызды айтам. /олар түгілі өзім де ұқпаймын/ "Үнсіздіктен құралған сезім", - деп, қылжақтайды. Үнсіз жымиям да қоям...

       ...Екі айда бір кездесетін Ол маған бұл жолы тағы гүл әперді. Махаббат гүлі дейді. Сатушының айтуы бойынша. Мына суреттегідей. Бұл суреттің өзін әзер таптым. Дәл менің гүлім. Оның сыйға берген гүлдерінің саны қырықтан асып барады. Өзі бар-жоғы үш бөлмелі пәтерімнің бір бөлмесі тек гүл...

      Әдеттегідей емес, бұл жолы кеш келді. Үйге. Қолында құтыдағы (суреттегі) гүл мен бір құшақ ақ раушан гүлі. (екі-үш пакет азық-түлігі тағы бар.) Үн-түнсіз кірді де, гүлдерін әлгі гүл тұратын бөлмеге, пакетті ас үйдегі үстелдің үстіне апарып қойды... Сосын, сосын үнсіз келіп маңдайымнан сүйіп, шашымнан иіскеді. Құшақтап біраз тұрды. Үнсіз. Ыстық демін сағыныппын оның. Жыладым. Тағы. Әдеттегідей. "Неге жылайсың?"-деген Ол болмады. Әдемі, салалы саусақтарымен көз жасымды сүртті. Біраз тұрдық. Осылай. Үн-түнсіз.

      Дастарқан жайып, тамағын бердім.

-Ренжімейсіз бе? "Жыламаймын" деген уәдемде тұра алмадым... 

Жымиды. /оның жымиғаны ұнайды, әсіресе, бетінің ұшында пайда болатын ойығы/ -Ұрыспайсыз да ғой, ия?

-Жоқ. Саған ашулана да алмаймын. Көзіңе қарасам болды, дүниенің бәрі ұмыт болады... 

/Бұл жолы мен жымидым./ Екеуміз үнсіз отырып кино қарадық, музыка тыңдадық, ән айттық қосылып. Сосын, Ол ұйықтады. Қызық. Мен оның ұйқысын күзетіп отырып, таң атырдым...