US Open! Теннис

«Us open» - теннистегі 4 үлкен шлемдік турнирлердің бірі. 4 тізгіннің басын «Australian open» бастап, оған «Roland Garros»,  «Wimbledon» қосылса, «Us open» турнирі тізімді тәмәмдайды. Жоғары дәрежелі саналатын бұл 4 турнирдің өткізілетін жерлері де әртүрлі. Мәселен, «Australian open» аты айтып тұрғандай  Аустралияда өтсе,  «Roland Garros» Францияда, «Wimbledon» Британияда,  «Us open» АҚШ-та өткізіледі.  

Мұндай 4 үлкен шлемдік теннистік турнирлердің жеңімпаздарға беретін қаражаттай сыйлығы да мол, оның үстіне дүйім жұртты қуантуға теннистегі жарқыраған жұлдыздардың барлығы жыл сайын қатысады. Жақында ғана, кыркүйекте осындай турнирдің бірі «Us open» өз мәресіне жеткен болатын.  Биылғы «Us open» турнирі бүкіл жұлдыздарды жинады, мұндай теннис шеберлерінің барлығының «Us open» турниріне қатысу себептері бар, ол – атақ, абыроймен қоса жеңімпазға берілетін 20 млн. доллардай сыйақы көлемі. 4 үлкен шлемді жеңген неткен жетістік десеңші! Есімің теннис тарихында алтын әріптермен жазылмақ(кубокта да жеңімпаз есімі ойылып жазылады). Биылғы жылы қайтадан Р.Надаль. Р.Федерер, Н.Джокович, Э.Маррей, Э.Роддик сынды азулы теннисшілер өздерінің АҚШ-тағы мұндай турнирге бос келмегендерін бірден аңғартты. Тартысты матчтар Нью-Йорктегі жанкүйерлердің үмітін бірден ақтады. Ыстық мінезділік, қайтпас қайсарлық, жеңіске құштарлық – міне, бұл әрбір қатысушы теннисшіге қатысты мінезділік. Екі жыл бұрын «Us open» финалында Джоковия пен Надаль ойнаған, сол кезде жеңісті испандық Рафаэль Надаль тойлаған. Дәл солай осы жылы да екі теннисші – Надаль мен Джокович финалда қайта жүздесті. Осы жылы да Надаль қызыл фурия роханың мерейін үстемдетті. Бұл матч өте тартысты, жоғары деңгейде өтті. 4 сэтке созылған ойынды тамашалауға Нью-Йоркке кім келмеді! Теннис стадионында әйгілі Бейонсе, өзге голливудтық актерлер ойынды тамашалады. Әрине, осыдан-ақ «Us open» турнирінің дәрежесін саралай беруге болады. Маррей, Федерер сынды теннисшілер осы жылғы турнирде финалға шыға алмағаныман, естен кетпес ойын үлгісімен жанкүйерлердің естерінде қалмақ.               



Бөлісу: