Замана ақыр жастары

Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылған. Жастар – заман жаңарған сайын өзіндік өмір сүруге қабілетті  жеке талғамы мен таңдары бар топ өкілдеріне айнала басталды. Ендігі кезекте жылдар жылжыған сайын жастардың мәдениеті қалыптаса бастады. Ол- жастар субмәдениеті. Жастар субмәдениеті- киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік  әрекеттері. Субмәдениет дегеніміз латын тілінен аудармалағанда төменгі мәдениет деген ұғымды білдіреді. Субмәдениеттің көбіне жақсы және жаман әрекеттерін бөліп қарастыруға болады. Субмәдениеттің өкілдерін көшеге шықсаңыздар кез келген бұрыштан көре аласыздар. Субмәдениеттің жалпы алғанда 4топқа бөліп қарастыруға болады .Олар:

Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай
біріккен топ;
Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында
қауымдасқан топ;
Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ
тіл табысқандар;
Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және
футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ. Қазірде ең көп таралған топ өкілдері музыкалық субмәдениет Жастардың ең көп бөлігі осы музыкаға  әуес Музыка арқылы олар өздерінің мақсаттарын, ерік-жігерліктерін мүлде жоғалтады

Жастардың бұл мағынасыз  бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар: Отбасындағы түсініспеушіліктер барлық адамдар сияқты болуды қаламау тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді мода қуу батыстық бейнеге еліктеу өмірлік мақсаты болмау жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.

Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл сөздер жасөспiрiм­дердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Алғашқы кезде субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер
еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы атрибуттары – анх символы, адамның бас сүйектерi, жарқанат және пентаграммалар. Олардың өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк. Дүниежүзiнде готикалық мәдениеттiң дамығаны соншалық,жыл сайын 25 мыңға жуық адам Германияның Лейпциг қаласында “Wave Gotik Treffen-WGT” атты фестивальге жиналады. Әйткенмен, готтардың субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады. Себебi олар суицидтi, депрессияны, сатанизмдi насихаттайды. Психологтардың пiкiрiнше, аталған топ өкiлдерi үнемi психологиялық күйзелiсте жүредi екен  Қорытынды сөзімізді  заманның жаңаруы жастардың жаңаруы шығар бірақ заман өзгерді екен деп заманды қолдан өзгерту нағыз ақымықтың. Қазақтың бас ақыны Абай жырлағандай.

ЗАМАНА АҚЫР ЖАСТАРЫ

 Заман ақыр жастары, 
 Қосылмас ешбір бастары.
 Біріне бірі қастыққа
 Қойнына тыққан тастары.

 Саудасы – ар мен иманы,
 Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
 Еңбекпен етті ауыртпай,
 Құр тілменен жиғаны.

 Өнімсіз іске шеп-шебер,
 Майданға түспей несі өнер?
 Сиырша тойса мас болып,
 Өреге келіп сүйкенер.

 Күлмеңдеп келер көздері,
 Қалжыңбас келер өздері.
 Кекектеп секек етем деп,
 Шошқа туар сөздері.



Бөлісу: